Матч орталығы
Дастан Сәтпаевтың Чемпионшиптегі дебюттік матчындағы бағасы белгілі болды
23 тамыз, 18:05

Фото: Дастан Сәтпаев
Opta статистикалық порталы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ағылшындық «Бернли» сапындағы алғашқы ресми матчындағы ойынын бағалады.
Чемпионшиптің екінші туры аясында сырт алаңда «Вест Бромвичке» қарсы өткен ойында лондондық «Челсиден» жалға алу негізінде өнер көрсететін форвард кездесуді қосалқы құрамда бастап, 57-минутта алаңға шықты. Алаңда өткізген уақытының қорытындысы бойынша сарапшылар Сәтпаевқа 6.1 деген баға берді. Айта кетейік, осы кездесудегі «Бернлидің» жалпы командалық орташа рейтингісі – 6.2.
«Хоторнс» стадионында өткен матчтың өзі қонақтардың 1:3 есебімен жеңілуімен аяқталды. 8-минутта Каллум Стайлздың автоголының арқасында «Бернли» алға шыққан еді. Алайда алаң қожайындары ойын барысын өзгерте алды: 18-минутта Гарри Уитвелл таразы басын теңестірсе, кейін Айзек Прайс дубль авторы атанды (ол 46-минутта ойын барысында гол соғып, 65-минутта пенальтиді дәл орындады).
Ойналған екі турдың қорытындысы бойынша «Вест Бромвич» мүмкін болған алты ұпайдың барлығын жинады (алғашқы турда «Норвич Ситиді» 2:1 есебімен жеңген).
«Бернлидің» еншісінде алғашқы турда «Вест Хэммен» (2:2) тең түсіп, қол жеткізген бір ғана ұпайы қалды.
«Бернли» «Страсбурдан» жақсырақ: танымал блогер Сәтпаевтың жалға ауысқанын бағалады
«Челсидің» инстаграмындағы қолдауды көрдім»: Дастан Сәтпаевтың «Бернлидегі» алғашқы толық сұхбаты
«Бернли»: клуб туралы ақпарат, тарихы, стадионы, бапкері. Дастан Сәтпаев қайда кетті?
Әлім Динасылов