Матч орталығы

Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
ФрайбургФрайбург
17:00Бүгін
Кристал ПэласКристал Пэлас
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
ЧелсиЧелси
18:00Бүгін
Реал СосьедадРеал Сосьедад
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ЖеңісЖеңіс
18:00Бүгін
ЖетісуЖетісу
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
БаварияБавария
18:30Бүгін
ЛейпцигЛейпциг
Футбол
АнглияЧемпионшип
ЧарльтонЧарльтон
19:00Бүгін
ДербиДерби
Футбол
АнглияЧемпионшип
НорвичНорвич
19:00Бүгін
Вест БромвичВест Бромвич
Футбол
АнглияЧемпионшип
Бристоль СитиБристоль Сити
19:00Бүгін
МиллуоллМиллуолл
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
ЭвертонЭвертон
19:00Бүгін
ЛилльЛилль
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
НьюкаслНьюкасл
19:00Бүгін
БайерБайер
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
СандерлендСандерленд
19:00Бүгін
РеннРенн
Футбол
АнглияЧемпионшип
СтокСток
19:00Бүгін
СуонсиСуонси
Футбол
АнглияЧемпионшип
ПортсмутПортсмут
19:00Бүгін
КПРКПР
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
ТоттенхэмТоттенхэм
19:00Бүгін
ХоффенхаймХоффенхайм
Футбол
АнглияЧемпионшип
МидлсброМидлсбро
19:00Бүгін
ЛинкольнЛинкольн
Футбол
ПортугалияПримейра-лига
АлверкаАлверка
19:30Бүгін
ЭштрелаЭштрела
Футбол
НидерландЭредивизи
Виллем 2Виллем 2
19:30Бүгін
НЕКНЕК
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
Манчестер ЮнайтедМанчестер Юнайтед
19:45Бүгін
МиланМилан
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
ФулхэмФулхэм
20:00Бүгін
ШтутгартШтутгарт
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ҚайсарҚайсар
20:00Бүгін
АқтөбеАқтөбе
Футбол
ИспанияСегунда
АндорраАндорра
20:00Бүгін
СеутаСеута

«Бернли»: клуб туралы ақпарат, тарихы, стадионы, бапкері. Дастан Сәтпаев қайда кетті?

15 тамыз, 09:04

«Бернли»: клуб туралы ақпарат, тарихы, стадионы, бапкері. Дастан Сәтпаев қайда кетті?

Фото: Дастан Сәтпаев

2026 жылдың 14 тамызында «Челси» ресми түрде мәлімдеді: Дастан Сәтпаев маусымның соңына дейін жалға алу құқығымен «Бернлиге» ауысады. Қазақстандық футболшы лондондықтармен 2033 жылға дейін келісімшартқа отырып, тұрақты ойын тәжірибесін жинау үшін бірден Чемпионшипке аттанды.

ASnews.kz қазақ футболының басты талантын өз қатарына қосқан ұжымның қандай клуб екенін талдап көреді.

Не болды?

Дастан Сәтпаев алдағы маусымды «Терф Мурда» өткізеді. Бұл ауысу ол «Челсидің» жаңа ойыншысы ретінде ресми таныстырылып, тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар алты жылдық келісімшартқа қол қойған бойда жүзеге асты.

«Челсидің» ресми сайтының хабарлауынша, Сәтпаев лондондықтармен 2033 жылға дейін келісімшарт жасасқан және 2026/27 жылғы маусымды «Терф Мурда» өткізеді.

Маңызды мәселе: Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, мәміледе ойыншыны толық сатып алу құқығы қарастырылмаған – демек, 2027 жылдың маусымында Сәтпаев Батыс Лондонға қайта оралады. Бұл – жасырын сату емес, тек дамуды көздейген таза жалға алу шарты.

Неліктен дәл жалға алу?

«Челсидің» логикасы түсінікті. Клуб 18 жастағы футболшы «Қайраттан» келген бойда оған негізгі құрамда тұрақты тәжірибе жинауға мүмкіндік беруді жөн көрді.

Маусымашар дайындық Сәтпаевтың әлеуеті зор екенін көрсетті. Ол «Челсидің» Аустралия мен Азиядағы турына қатысып, «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы жеңісті матчта (6:4) гол соқты. Қазақстандық шабуылшы сол жақ қанатта бастапқы құрамда шығып, Хаби Алонсоның бапкер ретіндегі алғашқы матчының алтыншы минутында-ақ есеп ашты.

Кейін ол «Тоттенхэмнен» (1:2) және «Ювентустан» (0:1) ұтылған кездесулерде алаңға қосалқы құрамнан қосылды, сондай-ақ «Джохор Дарул Тазиммен» өткен даулы тең ойында (3:3) бірнеше минут өнер көрсетті.

Дастан Сәтпаев

«Челсидің» бапкерлігіне жаңадан жайғасқан Хаби Алонсо шабуылшыға жоғары баға берді. Испаниялық маман өткен маусымда «Реалда» қызмет етіп жүргенде де Сәтпаевпен бетпе-бет келген – ол футболшыны Алматыдағы ойындардан жақсы таниды.

«Бернли»: 144 жылдық тарих

Енді клубтың өзіне тоқталайық. Қазақстанда көбі бұл команданы АПЛ-дағы соңғы маусымдары арқылы таниды, бірақ «Бернлидің» тарихы нағыз шежіреге толы.

Клуб 1882 жылдың 18 мамырында құрылып, Англиядағы алғашқы кәсіпқой ұжымдардың біріне айналды. 1883 жылы-ақ команда Футбол қауымдастығына қысым жасап, ойыншыларға жалақы төлеуді заңдастыруды талап еткен. «Бернли» 1888/89 жылғы маусымда Футбол лигасының негізін қалаған 12 клубтың қатарына кірді.

Клуб екі рет Англия чемпионы атанды (1920/21 және 1959/60 маусымдарында), бір рет Англия кубогын (1913/14) және екі рет Суперкубокты (1960, 1973) жеңіп алды.

Білген жөн екі факт:

«Бернли» – ағылшын футболының барлық төрт кәсіпқой дивизионын ұтып алған бес клубтың бірі. Бұл қатарда «Вулверхэмптон», «Престон», «Шеффилд Юнайтед» және «Портсмут» бар.

Команда 1959/60 жылғы маусымда чемпион атанғанда, Бернли каласы Англияның жоғарғы дивизионында топ жарған клубы бар ең кішкентай елді мекен ретінде тарихқа енді.

1920/21 жылғы алғашқы чемпиондық маусымында «Бернли» қатарынан 30 матч бойы жеңілмей, Англия рекордын орнатты. Бұл рекорд 2003/04 жылғы «Арсеналдың» ұтылыссыз маусымына дейін сақталды.

Еуропалық із: Реймс, Гамбург, Наполи

Клубтың еурокубоктегі тарихы қысқа болғанымен, өте жарқын.

1959/60 маусымында жүлде алғаннан кейін «Бернли» 1960/61 жылғы Еуропа чемпиондары кубогына жолдама алды. Клуб алғашқы айналымда Франция чемпионы «Реймсті» жарыстан шығарды, ал ширек финалда Батыс Германияның «Гамбургіне» жол берді.

1965/66 жылғы маусымдағы үшінші орын Жәрмеңкелер кубогына жол ашты. «Штутгарт» пен швейцариялық «Лозаннаны» тізе бүктірген «Бернли» кейін сенсация жасап, «Наполиді» ұтты. Ширек финалда қарсылас франкфурттік «Айнтрахт» болды – Германиядағы тең ойыннан кейін жартылай финалға шығу мүмкіндігі жоғары еді, бірақ «клареттер» «Терф Мурда» 1:2 есебімен ұтылып қалды.

«Терф Мур»: 1883 жылдан бергі стадион

Команда өз алаңындағы кездесулерін 1883 жылдан бері «Терф Мурда» өткізеді (бұған дейін «Колдер Вейлде» ойнаған). Бұл бұл аренаны әлемдегі ең ескі әрі үздіксіз қолданылып келе жатқан стадиондардың бірі етеді.

Сыйымдылығы – 21 944 көрермен. Рекордтық көрсеткіш 1924 жылы тіркелген: «Хаддерсфилдке» қарсы кубок матчына 54 775 адам жиналған. 1974 жылға дейін «Терф Мур» алаңының еңісі болған, кейін ол тегістелді.

«Терф Мур»

Тағы бір қызық нәрсе: Клуб «Терф Мурға» жергілікті крикет клубының шақыруымен көшіп келген. Сол крикет клубы әлі күнге дейін стадионның түбінде орналасқан.

Клубтың түстері – қою қызыл мен көк. Бұл түстер 1910/11 жылғы маусым алдында сол кездегі Футбол лигасының чемпионы «Астон Вилланың» құрметіне таңдалған. Осыдан барып оларға «The Clarets» («Қою қызылдар») деген лақап ат берілген.

Қазіргі команданың жағдайы қандай?

2025/26 жылғы маусымда «Бернли» АПЛ-да 19-орын алып, төменгі дивизионға түсіп қалды. 30 сәуірге дейін бас бапкер міндетін Скотт Паркер атқарса, кейін оның орнын уақытша Майк Джексон басты. Команданың үздік бауырсақшысы 11 гол соққан Зиан Флемминг болды.

2026/27 жылғы маусым – клуб тарихындағы 145-маусым және 2024/25 жылдан кейінгі Чемпионшиптегі алғашқы маусым.

Бас бапкер де жаңадан тағайындалды. 2026 жылдың 10 шілдесінде Ники Хайен үш жылдық келісімшарт негізінде бас бапкер болып бекітілді. Бельгиялық маман «Брюггемен» бірге үш ірі трофей ұтып алған. Оның допты бақылауға негізделген ойын өрнегі «Брюгге» мен «Генкте» жақсы нәтиже берді. Хайенге дейін клуб уэльстік Крейг Белламимен ұзақ келіссөздер жүргізген болатын.

Алға қойылған мақсат айқын. «Бернлидің» Чемпионшиптегі нәтижесі өте жоғары: Венсан Компани мен Скотт Паркердің басшылығымен АПЛ-ға тікелей шыққан екі маусымда команда тиісінше 101 және 100 ұпай жинаған. Клуб осы деңгейдегі соңғы 115 матчтың бары-жоғы бесеуінде ғана жеңіліске ұшырады.

«Біз үшін ең маңыздысы – ойындарда жеңіске жету. Біз жай ғана лигада бақ сынағымыз келмейді, мүмкіндігінше жиі жеңіске жеткіміз келеді», – деді Хайен клубтың YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Төмендеу емес, өсу:

«Челсиден» екінші дивизион клубына өту артқа қадам сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ сандар басқаны айтады.

Opta League Rankings деректеріне сүйенсек, Чемпионшип – әлемдегі ең күшті лигалардың ондығына кіреді, ал Қазақстан Премьер-лигасы 76-орында. Сол себепті бұл – ойыншы үшін үлкен өсу.

«Бернлиде» Сәтпаевта ортада да, қанатта да ойнауға мүмкіндік болады. Жоғарғы дивизионнан түскен клуб оның шеберлігін шыңдауға қажетті тұрақты ойын уақытын бере алады. Ол «Терф Мурда» медициналық тексерістен өтіп қойды.

Алда не күтіп тұр?

«Бернли» Чемпионшиптегі сапарын «Терф Мурда» «Вест Хэмге» қарсы матчпен бастайды – Сәтпаев бұл ойынға қатысуды көздеп отыр. Қарсылас та АПЛ-дан түскен, бапкері – Нуну Эшпириту Санту, ал шабуылдағы көшбасшысы – Джаррод Боуэн.

Ойын 16 тамызда өтеді.

Сәтпаев негізгі құрамдағы дебютін 2024 жылдың мамырында 15 жасында жасады. Ол «Қайрат» сапында 58 матч өткізіп, 26 гол соқты, сондай-ақ Чемпиондар лигасының атмосферасын да сезініп үлгерді.

«Челсиге» ауысу келісімі 2025 жылдың ақпанында 3,4 млн фунтқа жасалды – бұл Қазақстан премьер-лигасы тарихындағы ең қымбат сату.

Жалға алу 2027 жылдың маусымына дейін есептелген, келісімде ойыншыны толық сатып алу құқығы қарастырылмаған.

Дастан Сәтпаев: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі. «Челси» сапындағы алғашқы голы

Тағы да оқыңыз

Кеше, 20:45

«Вильярреалдағы» қазақ халықаралық жарыстың жүлдегері атанды: видео

Кеше, 19:36

Мәулен – Уразбахтин туралы: ойыншыларды дұрыс алмастыра алмайды, дубльді жаттықтыратын бапкер

Кеше, 17:27

«Челси» шабуылшысы ат басын Италияға бұруы мүмкін: ол Сәтпаевтың позициясында ойнайды

Кеше, 15:14

Ромащенко «Тобылдың» белоруссиялық жұлдызы туралы: Лисакович бабына келе жатыр

Кеше, 12:58

«Қайрат» көшбасшысы жарақат себебінен «Андерлехтке» қарсы Еуропа лигасы ойындарында алаңға шықпайды

Кеше, 12:02

Ислам Чесноков қысқы трансферлік кезеңде ресейлік клубқа ауысады

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  15 тамыз, 09:04

«Бернли»: клуб туралы ақпарат, тарихы, стадионы, бапкері. Дастан Сәтпаев қайда кетті?

1
Халықаралық футбол  14 тамыз, 20:45

«Вильярреалдағы» қазақ халықаралық жарыстың жүлдегері атанды: видео

2
Еурокубоктар  14 тамыз, 19:36

Мәулен – Уразбахтин туралы: ойыншыларды дұрыс алмастыра алмайды, дубльді жаттықтыратын бапкер

3
Халықаралық футбол  14 тамыз, 17:27

«Челси» шабуылшысы ат басын Италияға бұруы мүмкін: ол Сәтпаевтың позициясында ойнайды

4
ҚПЛ  14 тамыз, 15:14

Ромащенко «Тобылдың» белоруссиялық жұлдызы туралы: Лисакович бабына келе жатыр

5
Еурокубоктар  14 тамыз, 12:58

«Қайрат» көшбасшысы жарақат себебінен «Андерлехтке» қарсы Еуропа лигасы ойындарында алаңға шықпайды

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
21
15
4
2
25
49
2
ҚайратҚайрат
20
13
6
1
25
45
3
АстанаАстана
20
11
5
4
12
38
4
ОқжетпесОқжетпес
21
9
6
6
1
33
5
АқтөбеАқтөбе
21
9
5
7
5
32
6
ЕлімайЕлімай
20
8
7
5
5
31
7
ҰлытауҰлытау
21
7
7
7
-4
28
8
ҚызылжарҚызылжар
21
6
5
10
-5
23
9
ЖеңісЖеңіс
20
5
8
7
-6
23
10
КаспийКаспий
21
6
4
11
-7
22
11
ТобылТобыл
20
6
4
10
-7
22
12
АтырауАтырау
20
3
11
6
-4
20
13
ҚайсарҚайсар
20
3
11
6
-7
20
14
ЖетісуЖетісу
21
4
7
10
-11
19
15
ЕртісЕртіс
20
3
8
9
-8
17
16
АлтайАлтай
21
3
8
10
-14
17