Матч орталығы
«Қайрат» бразилиялық легионермен қоштасады: толығырақ
26 қазан, 14:47

Фото: Лукас Африко
Алматылық «Қайрат» бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық клубтың қатарына биылғы жылдың қаңтарында қосылған 31 жастағы футболшы 2026 жылдың соңына дейін есептелген қолданыстағы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кетеді.
Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында орталық қорғаушы мүмкін болған 29 матчтың 18-іне қатысып, бір соғылған голмен көзге түсті. Еурокубоктардың іріктеу кезеңдерінде бразилиялық ойыншы жеті кездесу өткізіп, өз еншісіне тағы бір гол жазды.
Африко соңғы рет «Қайрат» жейдесінде алаңға 17 қыркүйекте «Астанаға» қарсы матчта (0:1) шықты. Содан бері легионер ішкі чемпионат ойындарына да, Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі матчтарға да алматылықтардың өтініміне ілікпей қалып жүр.
Қазақстанға ауысқанға дейін Африко Түркияның екінші дивизионындағы «Ванспор» клубының намысын қорғады. Өз мансабы барысында бразилиялық ойыншы әзербайжандық «Габала», португалиялық «Фаренсе», «Эшторил» және «Маритиму» клубтарында ойнап үлгерді, ал өз елінде «Лондрина» сапында өнер көрсетті.
«Ақтөбеге» қатаң санкциялар қаупі төніп тұр ма? Оспановпен арадағы жанжалдың мән-жайы
Әлім Динасылов