Матч орталығы
ҚПЛ чемпионы бапкерін ауыстыруы мүмкін: толығырақ
26 қазан, 16:52

Фото: Андрей Мартин
Шымкенттік «Ордабасы» Андрей Мартинді алмастыратын маман іздеп, бапкерлер нарығына шықты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Белгілі болғандай, «Ордабасы» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі қарсаңында команданы дамытудың түрлі жолдарын қарастыруда. Осылайша, шымкенттік клуб Еуропада жұмыс істеу тәжірибесі бар жаңа тәлімгер іздеуге кірісті.
ҚПЛ-дың биылғы жеңімпазы жаңа бапкерге жылына екі миллион еуроға дейін жалақы төлеуге дайын – бұл Қазақстан чемпионаты үшін бұрын-соңды болмаған рекордтық сома. Дегенмен, маманның кандидатурасы өте сенімді әрі мінсіз болуы шарт. Кері жағдайда, клуб басшылығы 52 жастағы молдовалық маманмен ынтымақтастықты жалғастыра бермек.
Еске салайық, Андрей Мартин «Ордабасы» тізгінін 2024 жылдың желтоқсанында ұстаған болатын. Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда оның командасы алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін Кишинев тумасы молдовалық «Дачия» мен «Петрокуб» клубтарын жаттықтырған.
«Мартин чемпион боламыз деп сендірді»: Йонсен «Ордабасыға» ауысуы туралы
Әлишер Аманжол