Матч орталығы
Қазақстандық шабуылшы Португалияда дубль авторы атанды (видео)
26 қазан, 18:39

Португалиялық «Кова-да-Пьедаде» академиясының 14 жастағы вингері Шәкәрім Сағатбек «Алваладенсеге» қарсы жасөспірімдер чемпионатының матчына қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Астана» мектебінің түлегі Сетубал округі чемпионатының төртінші туры аясында «Алваладенсе» U-17 командасына қарсы кездесуде 30 минут өнер көрсетті. Екі гол соққан қанаттағы шабуылшы алаң иелеріне 7:0 есебімен ірі жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, Шәкәрім Сағатбек «Кова-да-Пьедаде» клубына биылғы жылдың қыркүйегінде «Атлантикодан» ауысқан болатын. Бүгінгі таңда оның командасы жасөспірімдер дивизионының турнирлік кестесінде екінші орында келе жатыр.
«Галатасарай» қазақстандық футболшыны қатарына қосты: енді олардың саны екеу