«Шегінерге жол жоқ»: «Қайраттың» бапкері Уразбахтин «Левскиге» қарсы ойынға дайындық жайлы айтты

10 тамыз, 19:47

«Шегінерге жол жоқ»: «Қайраттың» бапкері Уразбахтин «Левскиге» қарсы ойынға дайындық жайлы айтты

Фото: Рафаэль Уразбахтин

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин матч алдындағы баспасөз мәслихатында болгариялық «Левскиге» қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі қарымта ойыннан не күтетінін бөлісті, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Әрине, кез келген жеңіліс, қандай болса да, көңілге қаяу түсіреді. Ойынның ең соңында гол жіберіп алғанымызды ескерсек, жігіттер алғашқы матчтың нәтижесіне қатты ренжіді. Бірақ өкінішпен қатар, олардың бойында үлкен жігер де бар. Бәрі де өз алаңымызда есе қайтаруға, сапалырақ футбол көрсетуге және өзіміз үшін оң нәтижеге қол жеткізуге жанып тұр.

Кімнің әлсіз немесе күшті екенін салыстыру дұрыс емес – бұл мүлдем екі түрлі команда. Турнирдің бұл кезеңінде барлық қарсыластар жеткілікті түрде шебер. «Левскиді» атап өтер болсақ, оларда өте жақсы трансферлер болды, құрам сапалы орындаушылармен толықты. «Левскидің» кез келген ойыншысы біздің команданы күшейте алатындай көрінеді – онда шынымен де жақсы футболшылар ойнайды.

Бізге шегінерге жол жоқ, жағдайдың өзі бізді белсендірек ойнауға мәжбүрлейді. Әсіресе шабуылда агрессивтірек әрекет етуге тырысамыз. Әрине, басымызды тасқа ұрып алға ұмтылмаймыз, өйткені қарсыластың сапында жазалай алатын өте шебер әрі жылдам ойыншылар бар. Шабуыл мен қорғаныс әрекеттерінің арасындағы тепе-теңдікті сауатты бөлу керек.

Ал көгалдың жағдайына келсек, мен әлі алаңға шығып көрген жоқпын. Бірақ біздің агроном осында келіп, алаңның жақсы жағдайда болатынына сендірді», – деді маман.

Іріктеудің алғашқы ойынында «Қайрат» Софияда «Левскиге» 0:1 есебімен жол беріп, кездесудің соңында португалиялық Сержиньюден жалғыз голды жіберіп алған болатын.

Жауапты кездесу 11 тамыз күні «Түркістан Аренада» өтеді.

«Левскидегі» қазақ Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы матчқа күтпеген болжам жасады

«Алаңға шықпай футбол көргім келмеді»: Чесноков «Хартстан» неге кеткенін түсіндірді

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  9 қараша, 20:58

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты

1
ҚПЛ  9 қараша, 18:39

«Валенсияның» экс-футболшысы: ҚПЛ-дағы ең үздік қорғаныс – «Каспийде»

2
ҚПЛ  9 қараша, 17:05

Мәулен – «Қайсардың» сәтсіздігі жайлы: спорт директоры мен жаңа бас бапкер әкелуі керек еді

3
Ұлттық құрама  9 қараша, 14:14

«Ахмат» шабуылшылары Самородов пен Кенжебек Қазақстан құрамасының жиынына келді

4
ҚПЛ  9 қараша, 11:01

ҚПЛ-дың «жұмбақ командасы»: «Оқжетпес» құрамның жартысынан айырылып, еурокубокқа қалай шықты?

5
Халықаралық футбол  9 қараша, 09:15

Қазақстандық футболшы Холандтың командасында алғашқы ассист жасады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25