«Алаңға шықпай футбол көргім келмеді»: Чесноков «Хартстан» неге кеткенін түсіндірді

10 тамыз, 17:34

«Алаңға шықпай футбол көргім келмеді»: Чесноков «Хартстан» неге кеткенін түсіндірді

Фото: Ислам Чесноков

«Тобылдың» және Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» клубынан кетуінің басты себебін айтып, жанкүйерлердің сынына жауап берді, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Қазақстанға кетердің алдында ешкіммен сөйлеспедім. 16 мамыр күні «Селтикке» қарсы ойын болды. Сол ойыннан кейінгі келесі екі күн бойы қайғы болатынын түсіндім. Демалысқа кетіп қалып, кейін қайтып оралған соң сөйлескен дұрыс болар еді деп ойладым. Кететін кезімде болашағым туралы ештеңе білмедім.

«Хартспен» екі жылдық келісімшартым бар еді. Кетуімнің жалғыз себебі – ойын уақытының аздығы. Кез келген басқа клубта да алаңға аз шықсам, дәл сондай шешім қабылдайтын едім. Мен футбол ойнағым келеді. Алаңға шықпай, тек футбол қарау туралы айтсақ, оны үйде де жасай алатын едім.

Әрине, жанкүйерлер «барыңды салып, еңбек етуің керек еді» деп жазып жатыр. Күнде барыңды салып жұмыс істегеннің өзінде де алаңға шықпауың мүмкін. Осыны түсіну керек. Әрбір нәрсенің себебі бар. Мүмкін, командаға үйлеспеген болармын.

Әлеуметтік желілерде мені «жайлы аймаққа қайтып келді» деп жазыпты. Олай емес, мен жай ғана футбол ойнап, командама көмектескім келді. Қостанайға қайтып келгенде қараша айынан бастап, сегіз ай бойы футбол ойнамағанымды түсіндім», өө деді Чесноков.

Қазақстандық вингер шотландиялық «Хартспен» 2026 жылдың қаңтарында екі жылдық келісімшартқа отырған болатын. 5 ай ішінде 11 ойын өткізіп, бір гол соққан қазақстандық ойыншы клубпен бірге Шотландия чемпионатының күміс жүлдесін ұтып алды.

Ағымдағы жылдың маусымында Чесноков қостанайлық «Тобыл» сапына оралды.

«Қазақстанға оралу үшін Чемпионшиптан бас тартты»: Чесноковтың агенті – Англия тарапынан болған қызығушылық туралы

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  7 қазан, 15:36

Қазақстандық шабуылшы Еуропаның танымал клубымен келісімшартқа отырды

1
Ұлттық құрама  7 қазан, 13:48

Мәулен – ұлттық құрама бапкері жайлы: жаңа бапкерді Югославия жақтан қарастыру керек

2
Ұлттық құрама  7 қазан, 12:24

«Электриктер мен жиһаз сатушылар»: фарерлік экс-футболшы Қазақстанның кіммен тең ойнағанын айтып берді

3
Ұлттық құрама  7 қазан, 11:49

Белгілі футбол функционері: Қазақстан құрамасын қайта құру қажет

4
Ұлттық құрама  7 қазан, 09:34

ҚФФ президенті Марат Омаров Қазақстан құрамасының сәтсіздіктері аясында инстаграм-аккаунтын өшіріп тастады

5
Ұлттық құрама  7 қазан, 08:08

«Үшінші гол соғуға уақыт жетпеді»: Жуков – Фарермен ойын және Ван ‘т Схиптің стилі туралы

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22