Матч орталығы
Қазақстандық футболшы Холандтың командасында алғашқы ассист жасады
9 қараша, 09:15

Фото: Алдияр Омаров
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Алдияр Омаров ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында норвегиялық «Брюне» клубына ауысқаны туралы айтып берді.
«Жақында клубымды ауыстырып, «Брюнеге» оралдым, қазір мұнда дубль сапында ойнап жүрмін. Норвегияның төртінші дивизионында жиірек өнер көрсете бастадым. Тіпті бір ассист жасап үлгердім. Оған қоса, жақында еліміздің ең мықты академиялары бақ сынайтын U-19 санатындағы матчтар басталады», – деді вингер.
Еске салсақ, бұған дейін Алдияр Омаров «Брюне» мен «Викинг» клубтарында байқаудан өткен болатын. Сондай-ақ «Астананың» түлегі жергілікті «Бродд» сапында толыққанды өнер көрсетіп, Данияда өткен халықаралық турнирге қатысты. Ол жарыста отандасымыз екі гол соғып, үш нәтижелі пас берген еді.
Айта кетейік, «Брюне» – «Манчестер Ситидің» атақты шабуылшысы Эрлинг Холандтың алғашқы клубы. Норвегиялық жұлдыз бұл команданың құрылымында он жыл бойы тәлім алған.
Әлишер Аманжол