«Валенсияның» экс-футболшысы: ҚПЛ-дағы ең үздік қорғаныс – «Каспийде»

9 қараша, 18:39

«Валенсияның» экс-футболшысы: ҚПЛ-дағы ең үздік қорғаныс – «Каспийде»

Фото: Ноа Ндомбази

«Каспий» шабуылшысы Ноа Ндомбази ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында маусымды қысқаша қорытындылады.

– Өткен чемпионаттағы мақтан тұтатын ойыныңызды атасаңыз.

– «Ордабасыны» 3:2 есебімен жеңген матч.

– Мүлдем ұмытқыңыз келетін немесе қайта өткізгіңіз келетін ойын?

– «Ұлытаумен» болған алғашқы кездесу. Матч барысында көптеген қауіпті сәттер жасағанымызбен, 0:1 есебімен жол беріп қойдық.

– Қай команданың қорғанысы ең үздік?

– Әрине, «Каспийдің». Сәтті күндері біздің қорғаушылар өте-өте мықты. Сондай-ақ бұл қатарға «Қайрат» пен «Ордабасыны» қосар едім.

– Қазақстанда сізді жағымды және жағымсыз жағынан не таңғалдырды?

– Адамдардың қарым-қатынасы қатты ұнады. Келер алдында бұл ел туралы ештеңе білмедім және не күтерімді де түсінбедім. Бірақ өте қонақжай, құрметтей білетін және ақкөңіл халықты кездестірдім. Минустардан – тек тілдік кедергіні айтар едім: кейде түсінісу қиынға соғып жатады.

– Басқа командаға ауысуыңыз мүмкін бе?

– Уақыты келгенде басқа да нұсқаларды қарастырамын, бірақ қазір бар назарым тек «Каспийге» аударылған.

Еске салсақ, Ноа Ндомбази биылғы жылдың наурыз айында украиналық «Кривбасс» клубынан «Каспийге» ауысқан болатын. 25 жастағы вингер 29 матчқа қатысып, алты гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, бұған дейін франциялық ойыншы «Бордо» және «Валенсия» сияқты танымал клубтарда өнер көрсеткен. Сондай-ақ ол өз елінің жасөспірімдер құрамасының намысын қорғаған.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  9 қараша, 18:39

«Валенсияның» экс-футболшысы: ҚПЛ-дағы ең үздік қорғаныс – «Каспийде»

1
ҚПЛ  9 қараша, 17:05

Мәулен – «Қайсардың» сәтсіздігі жайлы: спорт директоры мен жаңа бас бапкер әкелуі керек еді

2
Ұлттық құрама  9 қараша, 14:14

«Ахмат» шабуылшылары Самородов пен Кенжебек Қазақстан құрамасының жиынына келді

3
ҚПЛ  9 қараша, 11:01

ҚПЛ-дың «жұмбақ командасы»: «Оқжетпес» құрамның жартысынан айырылып, еурокубокқа қалай шықты?

4
Халықаралық футбол  9 қараша, 09:15

Қазақстандық футболшы Холандтың командасында алғашқы ассист жасады

5
Халықаралық футбол  8 қараша, 19:41

«Қайраттың» экс-ойыншысының командасы 14 ұпайлық басымдықты жоғалтып, чемпион бола алмады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25