«Қазақтар Кола, ал еуропалықтар протеин ішеді»: Норвегиядағы отандасымыз Холандтың клубынан бас тартуы мен құрама туралы

25 тамыз, 20:00

«Қазақтар Кола, ал еуропалықтар протеин ішеді»: Норвегиядағы отандасымыз Холандтың клубынан бас тартуы мен құрама туралы

Фото: Алдияр Омаров

Бүгінде қазақстандық шабуылшылар «Бенфика», «Генк» және «Валенсия» академияларында дамып келеді. Бірақ бұдан да ерекше бағыт бар – Норвегия. Үйінен бес мың шақырым қашықтықта арманының соңынан 17 жастағы Алдияр Омаров жүр.

«Бродд» және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері ASnews.kz сайтына берген сұхбатында:

  • Холандтың танымал «Брюне» клубынан қалай бас тартқанын айтты;

  • қазақстандық және норвегиялық жастардың арасындағы айырмашылықтарды атап өтті;

  • нәсілшілдік көріністерін еске алды;

  • құраманы әлем чемпионатына шығара алатын жас футболшыларды атады.

– Алдияр, өзің қай жақтан боласың, отбасыңда футболмен айналысатындар бар ма?

– Мен Қарағандыда дүниеге келдім, бірақ жеті жасымда елордаға көштім. Үйде футболдан гөрі тенниспен айналысқанды ұнатады, сондықтан бұл ойынға деген сүйіспеншілігім тек аулада пайда болды.

– «Астана» – мансабыңдағы алғашқы клубың ба?

– Аз да болса кәсіпқой деңгейді санайтын болсақ, иә. Мен командаға тоғыз жасымда қосылып, 15 жасқа дейін сонда ойнадым. «Астана» өсуіме қатты көмектесті: бізді Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдегі әртүрлі жарыстарға апарды, онда біз топ-академиялармен кездестік.

– Мәскеуде кімдермен бәсекелестіңіздер?

– Танымал клубтардың жастарымен: «Црвена Звезда», «Фенербахче», «Фатих Карагюмрюк», «Зенит», «Локомотив».

– Бүгінде жарқырап жүрген жас футболшылармен алаңда кезігудің сәті түсті ме?

– Ол кезде біз Мақсат Абраевпен («Астана») бірге ойнадық. Сондай-ақ Данила Буч, Шерхан Қалмұрзамен (екеуі де – «Қайрат») бірге жаттықтым және Алдияр Нұрғалиге («Леванте») қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықтым – ол 2008 жылғы командада еді.

– Норвегияға көшу нұсқасы қалай пайда болды?

– 2024 жылы мұнда жақсы жұмыс тапқан әкемнің шақыруымен Норвегияға көштім. Бұл елде таңдаудың қаншалықты мол екені таңғалдырды. Тек Ставангердің өзінде әуесқой командалар бүкіл Қазақстаннан көп, бірақ, халқының саны 200 мыңнан аспайды.

– Жағдайды қалай бағалайсың?

– Қарапайым клубтың өзінің жеке базасы болуы мүмкін: екі-үш алаң, табиғи көгал, жабдықтардың керетілердің барлығы дерлік бар. Бұл мүлдем басқа деңгей. Қаралымға оңайлықпен түсе алмайсың – алдымен жергілікті БЖСМ баламасында орнығу керек. Ол дәл менің «Броддым», «Видарым» еді…

Мен «Видарда» бір апта жаттыққанда, әкем «Викингтегі» адамдарға шығу жолын тапқанын айтты. Оның негізгі құрамы 2025 жылы «алтын» жеңіп алды. Мен онда жарты жыл ойнадым, және шыны керек, бұл академия емес, U-17 еді. Өзім ол кезде бар болғаны 15 жаста болатынмын.

– Көп нәрсе үйрендің бе?

– Дамуымда үлкен серпіліс болды деп айта алмаймын, өйткені әріптестерім жаттығуға әрдайым салмақты қарамайтын. Есесіне қараша айында 11-де 11 ресми ойында дебют жасадым. Ассист бердім, көп ұзамай команда тарап кетті. Кейін «Видар»-2009 сапында бір жыл өткізіп, дубль үшін бір рет алаңға шықтым.

Жас қазақстандық шабуылшы Даниядағы үздіктердің бірі атанды

– Басқа нұсқалар болды ма?

– Облыстық жарыстардағы 10 матчта төрт гол соғып, үш ассист жасадым, бұл Эрлинг Холанд бастаған сол «Брюненің» назарын аудартты. Олардың қаралымында бәрі тамаша өрбіді.

Бапкер «Копенгагеннен» келген ағылшын тілді италиялық еді. Бұл маған көмектесті, өйткені мен әлі норвег тілінде айналамдағылар сияқты жақсы сөйлей алмаймын. Ол маған жолдастық кездесуде бір тайм ойнауды сеніп тапсырды, мен нәтижелі паспен көзге түстім. Келесі жолы U-19-ға көтерді, онда форвард болып ойнауға мүмкіндік алдым.

Бір жаттығудан кейін бас бапкер келіп, келісімшартқа отыруды ұсынды. Тіпті ақша төлеуге де уәде берді, бірақ бір нәрсесі бар еді – алдымен келісімді директормен келісу керек болды. Келесі күні теория болған кезде ол: «Жақында «Викингпен» ойнаймыз. Дайындалыңыздар» деді.

Алдияр Омаров Норвегияда

– Сен келісіп қойған ба едің?

– Әрине, әрі бұл ойын өзімді көрсетудің тамаша мүмкіндігі болатын. Бірақ дәл сол кезде «Викингтің» өзінен хат келді: екі апталық қаралымға шақырды. Мен екіойлы болдым, бірақ жаттығуға келдім. «Брюне» бапкері: «Жақсы, сені түсінемін. Олар – елдегі ең мықтылар» деді.

Жаңа әріптестеріммен танысқаннан кейін бұл командалар арасында үлкен айырмашылық барын түсіндім. Керілу, созылу жаттығуларын тура киім ауыстыратын бөлмеде жасайды. Кіріп келсең – мектептен жаңа ғана келгендер үшін шырындар, су, вафли, құлпынай және арахис майы жағылған нан тұр. Маған бірден экипировка толтырылған рюкзак берді.

Допты алып жүруден және пас берісуден бастадық. Бәрінің де ынтасы зор, жеңіске деген аштығы көрініп тұрды. Кейін маған «Викинг» сапында «Брюнеге» қарсы ойнай алатынымды айтты.

– Кинодағыдай оқиға екен…

– Иә. Мен ата-анаммен сөйлестім, өйткені кімнің сапында алаңға шығу керектігін білмей тұрдым, сосын «Викингті» таңдадым. Бір тәуліктен кейін кеше ғана командаласым болған бапкер мен жігіттерге кезігіп қалдым. Олар: «Қалың қалай? Кеше жаттығуды неге жіберіп алдың?» деп амандасып жатыр.

Қарсылас сапында ойнайтынымды мойындап ем, бәрі ашуланып қалды. Соңында 2:0 немесе 3:0 есебі кезінде үзілістен кейін ойынға қосылдым. Допты қабылдаймын, алдап өтемін – маған қарсы тәртіп бұзылып жатыр. «Викингтің» талаптарынан хабарсыз болғандықтан, өзімді мүмкіндігінше жарқын көрсетуге тырыстым: пасқа емес, дриблингке басымдық бердім.

Алаң ортасында допты алып, бір қорғаушыны жылдамдықпен озып кеткен сәтім болды. Сол қапталдан тура қақпа алдында тұрған шабуылшыға пастап бердім, ал ол гол соға алмады. Бапкер мақтағанымен, сол құрамдағы менің бәсекелесім дубль жасады.

– Не сезіндің?

– Ренжідім, өйткені бәсекелесім өзін жақсырақ көрсетті. Менің позициямда мықты ойыншылар болды: біреуі Норвегия сапында ойнаса, екіншісі бала кезінен «Викингте». Екі аптадан кейін скаутпен, директормен және бапкермен кездестік. Олар: «Саған келісімшарт ұсына алмаймыз» деді.

Мен мұны күтпеген едім. Себебін сұрасам, төзімділік пен қоғам арасында бейімделуде мәселем бар болып шықты. Ең бастысы – шетелдік болған кезде басқалардан бір адым алда болуың керек, әйтпесе академияға мұндай футболшыны алудың мәні жоқ. Өкінішке орай, мен жергілікті ойыншылармен бірдей деңгейде болдым.

– «Брюнеге» қайта оралуға тырыстың ба?

– Олардың басшылығына қоңырау шалдым, олар тікелей: «Сен өз таңдауыңды жасап қойдың. Кері жол жоқ» деп жауап қатты. Олар өздерін «Викингтің» басты қарсыласы деп санайды, бірақ, ашығын айтқанда, ол клубқа жетулері қиын сияқты.

Қазір «Саннес Ульф» тарапынан қызығушылық бар деп естідім, бірақ әлі ұсыныс түскен жоқ. Олар екінші дивизионда ойнайды.

Дерек: 2013 жылы «Саннеске» бірден екі ҚПЛ ойыншысы ауысты: «Тобыл» форварды Неманья Йованович және «Жетісу» қорғаушысы Милош Михайлов.

– 2026 жылдың соңына дейін «Броддтың» негізгі командасында дебют жасау мүмкіндігің қандай?

– Өте жоғары. Мұнда жастарға сенім артады. Мысалы, «Брюненің» негізгі құрамымен 2011 жылғы бала жаттығып жүр, ол қазірдің өзінде Adidas-пен жұмыс істейді. Бірақ Норвегияда да тамыр-таныстық рөл атқаратынын атап өткім келеді.

Оның әкесі клубта жұмыс істейді. Екінші бала – Чемпиондар лигасында тәжірибесі бар «Русенборгтың» бұрынғы футболшысының ұлы – дәл осыған ұқсас себептерге байланысты жасөспірімдер құрамасына шақырылады деп болжаймын.

– Скандинавия – қазақстандық ойыншылар үшін жиі барарлық емес бағыт. Онда тұру қалай екен?

– Олардың мәдениеті мен ойлау жүйесі біздікінен мүлдем өзгеше, бұл тіпті киім кию стилінен де байқалады. Мүлдем басқа түсініктер. Көшіп келгенімде аулаға ойынға шыққаным есімде. Норвегтер мен араб мигранттары тым агрессивті болды, содан олардың біреуіне: «Жүр, бірге бір шығайық?» дедім.

Маған ауылдан келгендей қарады. Бұдан бөлек, халықтың басым бөлігі – ауқатты адамдар, сол себепті кейде жоғарыдан төмен қарайды. Егер кедей отбасынан болсаң – тіптен жаман. Өздерін «жоғары нәсіл» санап, «арийлер» сияқты сезінетіндер сені «негр» немесе «қытай» деп айтуға дайын тұрады. Мені де осылай қорлаған сәттер болды.

Бірақ бұл негізінен қатарластарыма қатысты. Үлкендер – әрдайым көмектесуге дайын ақкөңіл адамдар.

– Солтүстік еуропалықтар баяу қимылдайды дейді ғой?

– Егер Қазақстанда дәрігерге жазылу мен тексерілу бір апта алса, мұнда – үш ай. Мектептегі өрттен бері бірнеше ай өтті, бірақ әлі де жөндеу жұмыстары жүрген жоқ. Норвегтер істерін шынымен де кейінге қалдырғанды жақсы көреді.

– Тамақтану дағдысы неден тұрады?

– Тамақтану маңызды рөл атқарады. Әдетте атлеттер протеинді йогурт, шоколадты сүт және батончиктер алады. Сондай-ақ сапалы балық пен ет бар.

Астанада кешкі уақытта жас футболшылар сэндвич пен үлкен Кока-кола алатынын білемін. Кейбіреулер вейп (электронды темекі – ред.) шегеді. Ал «Викинг», «Саннес» және «Брюне» түлектері электролиттер, смузи және бананмен қуаттанады. Бұл физикалық күшке әсер етеді.

Оның үстіне олар спортзалға ерте барады. «Астана» академиясында база да, алаңдар да, машығу залы да болған жоқ, ал қарапайым «Видардың» иелігінде жоғарғы деңгейдегі жасанды төсеніші бар үш алаң және табиғи көгалы бар бір алаң бар. Темірмен жұмыс істеу аптасына екі рет жоспарланған. Таудағы жүгіру жаттығулары да бар.

Дерек: Норвегияда кез келген қалаған адам ойын үшін ауқымды манежді пайдалана алады. Кіру – тегін.

– Қазақстан жасөспірімдер құрамасындағы алғашқы тәжірибеңді еске түсірейікші.

– Құрама сапында болу өте жағымды. Бұл мақтануға тұрарлық нәрсе. Тек бір рет қана болсам да, маған ұжым мен ана тілімнің естілуі ұнады. Норвегиядан кейін бұл жаңа бір дем алғандай болды. Сәлім Хасановпен («Вильярреал») және Джан Ходжаоглумен («Сьон») тығыз таныстық. Сондай-ақ бұрынғы командаласым – Бекзат Әбенмен («Астана») кездестім.

Айта кету керек, ол кезде мен бабымда емес едім. 2010 жылғы құрамаға қарсы жолдастық кездесуде нәтижелі пас бергеніме қарамастан, өзімді орташа деңгейде көрсеттім. Бапкер айтқандай, физикамен жұмыс істеу керек – салмақ жетіспеді.

Алдияр Омаров Қазақстан құрамасында

– Өткен жылдан бері дене көрсеткіштерің қаншалықты өзгерді?

– Ол кезде бойым 173 см еді, қазір – 180. Салмағым 57 кг-нан 65-ке өсті. Бұл сонымен қатар әмбебаптық қосты: шабуыл қапталынан бөлек, орталық шабуылшы немесе одан төмен позицияда аламын.

– Әр жас санатындағы шабуылдағы бәсекелестік туралы не айтасың?

– Норвегияда төрт санат бар: U-14, U-15, U-17 және U-19. Барлық жерде вингерлер саны өте көп. «Викингтегі» просмотрда менде төрт бәсекелес болды, оның үстіне олардың бірі құрамада ойнайды. Ол жылдамдық жағынан менен сөзсіз артық.

Қазақстанда да солай – бәрі жақсы. Тағы да Сәлімді бөліп айтар едім, одан бір жерді жарып шығатын монстрды көремін, Расул Досан («Тұран»), Расул Әкімов пен Никита Духов (екеуі де – «Шахтер»). Олардың бәрі – вау.

– Отандық қазіргі футболшылардың қайсысы көбірек қанаттандырады?

– Дастан Сәтпаев. Пір тұтпаймын, бірақ жақсы бағдар ретінде қараймын. Сәлім – сапалы талант, онымен қатар жүруге тырысамын.

– 2026/27 маусымына қойған мақсатың қандай?

– «Викинг», «Саннес» немесе «Брюнеге» өту және Қазақстан құрамасына қайта оралу. Келесіде маған кем дегенде тағы бір мүмкіндік беріледі деп үміттенемін. Шақырту ала алатыныма сенімдімін, өйткені бұрынғыдан әлдеқайда жақсардым. Кем дегенде физикалық тұрғыдан басқамын.

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 16:57

159-дан жетеуі: «Шахтер» Академиясы жас таланттарды ауқымды іріктеудің қорытындысын шығарды

Бүгін, 14:31

«Андерлехт» «Қайратқа» қарсы матч алдында көшбасшысынан айырылды

Бүгін, 11:35

«Покатилов өзін жақсы көрсетті»: «Сабах» бапкері ЧЛ матчының алдында қазақстандық ойыншының ойынын бағалады

Бүгін, 09:54

«Тобыл»—«Қайсар»: ҚПЛ ойынына болжам мен бәс тігу

Кеше, 20:48

Өзбекстан құрамасының ойыншысы әрі Покатиловтың командаласы мансабын Францияда жалғастыруы мүмкін

Кеше, 18:24

Дәулет Орынбасар: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі. А Сериясындағы «Комоның» қызығушылығы

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  25 тамыз, 20:00

«Қазақтар Кола, ал еуропалықтар протеин ішеді»: Норвегиядағы отандасымыз Холандтың клубынан бас тартуы мен құрама туралы

1
Басқа  25 тамыз, 16:57

159-дан жетеуі: «Шахтер» Академиясы жас таланттарды ауқымды іріктеудің қорытындысын шығарды

2
Еурокубоктар  25 тамыз, 14:31

«Андерлехт» «Қайратқа» қарсы матч алдында көшбасшысынан айырылды

3
Еурокубоктар  25 тамыз, 11:35

«Покатилов өзін жақсы көрсетті»: «Сабах» бапкері ЧЛ матчының алдында қазақстандық ойыншының ойынын бағалады

4
Халықаралық футбол  24 тамыз, 20:48

Өзбекстан құрамасының ойыншысы әрі Покатиловтың командаласы мансабын Францияда жалғастыруы мүмкін

5
ҚПЛ  24 тамыз, 18:24

Дәулет Орынбасар: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі. А Сериясындағы «Комоның» қызығушылығы

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
22
16
4
2
27
52
2
ҚайратҚайрат
21
14
6
1
27
48
3
АстанаАстана
21
11
6
4
12
39
4
ОқжетпесОқжетпес
22
10
6
6
3
36
5
АқтөбеАқтөбе
22
10
5
7
6
35
6
ЕлімайЕлімай
21
8
8
5
5
32
7
ҰлытауҰлытау
22
7
7
8
-6
28
8
ЖеңісЖеңіс
21
6
8
7
-3
26
9
ТобылТобыл
21
7
4
10
-5
25
10
КаспийКаспий
22
6
5
11
-7
23
11
ҚызылжарҚызылжар
22
6
5
11
-8
23
12
АтырауАтырау
21
3
11
7
-6
20
13
ҚайсарҚайсар
21
3
11
7
-8
20
14
АлтайАлтай
22
4
7
11
-13
19
15
ЖетісуЖетісу
22
4
7
11
-14
19
16
ЕртісЕртіс
21
3
8
10
-10
17