Матч орталығы
«30 минут қана ойнай алады»: «Бернлидің» бас бапкері – Сәтпаев туралы
23 қазан, 12:01

Фото: Дастан Сәтпаев
Англиялық «Бернли» клубының бас бапкері Ники Хайен қазақстандық футболшы Дастанның жарақатынан кейінгі жағдайы мен оның командадағы маңыздылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бапкердің айтуынша, қазіргі уақытта ойыншының алаңдағы уақыты шектеулі, бірақ ол біртіндеп оңалту кезеңінен өтіп жатыр:
«Дастан жарақат алып қалған еді. Ол – біздің команда үшін өте маңызды ойыншы. Қазір шамамен 30 минут қана ойнай алады. Жылдамдығы жоғары, қарқыны мен энергиясы мол, жеке шеберлігінің арқасында ойын тағдырын шеше алады. Сондықтан оның командаға қосар үлесі зор. Дегенмен, алдағы уақытта ойын уақытын 30 минуттан асырады деп үміттенемін. Алдымен 45 минут, кейін 60 минут ойнап, содан соң толық матч өткізе алатын деңгейге жетеді деп ойлаймын.
Осындай жағдайда, жанкүйерлердің көңіл-күйі онша емес кезде ойынға қосылу қиын. Ойын құрылымын сақтамай, асығыс әрекет етіп, оқиғаны тездетуге тырыссаң, бәрі одан сайын қиындай түседі. Бірақ Дастанның бойында жақсы қасиеттер көп. Оның өз деңгейін қайта көрсетіп, командамызға пайдасын тигізетініне сенімдімін», – деді Хайен.
Еске салайық, «Бернли» өзінің келесі матчын ертең, 24 қазанда «Линкольнге» қарсы өткізеді.
Ахмет Ержанов