Топ матчтар
Қазақстандық комментатор: «Тараз» «Манчестер Юнайтед» стиліндегі хикаяға лайық
6 тамыз, 18:55

Қазақстандық спорт комментаторы Дидар Есемов ASnews.kz басылымына берген сұхбатында отандық клубтардың қайсысы «All or Nothing» деректі сериалына лайық екенін айтты.
«Мен «Тараз» туралы фильм көргім келеді. Команда бірінші лигада өнер көрсетіп жүргенімен, оның бай тарихы мен артында қаншама жұлдызды түлектері бар. Зайнутдиновтың, Исламханның және осы өңірден шыққан басқа да футболшылардың сұхбаттарын тамашалау өте қызық болар еді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы ең оқиғаға бай әрі тартымды клуб – «Ордабасы». Бұл маусымда шымкенттіктер медиа-шу тудыруда, орың үстіне нәтижелері де керемет. Сондай-ақ, қайтадан еурокубоктардың негізгі кезеңіне өтеді деп үміттенетін «Қайратты» да ұмытпаймыз», – деді Есемов.
Осы жазда Amazon компаниясы «Манчестер Юнайтед» туралы «All or Nothing» («Бәрі немесе ештеңе») сериалын түсіретінін хабарлады. Ұжымның ішкі өмірі туралы шоудың премьерасы 2027 жылдың жазында өтеді.
Бұл мәміле спорттық документалистика тарихындағы ең ірі келісімшарт атанды. Бұған дейін америкалық корпорация «Арсенал», «Тоттенхэм» және «Манчестер Ситиге» арналған жобаларды жарыққа шығарған болатын.
«Бізді көргенде таңғалды»: Гонконгта қазақстандық жанкүйерлер Дастан Сәтпаевпен кездесті (видео)
Әлишер Аманжол