Матч орталығы
Самородов Ұлттар лигасының үйдегі матчтарына қатыса алмауы мүмкін: толығырақ
27 қыркүйек, 14:33

Фото: Максим Самородов
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ұлттар лигасының алдағы үйдегі ойындарына қатыса алмауы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
24 жастағы форвард 17 қыркүйекте ресейлік «Ахмат» сапындағы ойында жарақат алып қалды. Осы себепті ол Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы кездесуге (1:1) қатыса алмай, Астанада қалды. Сондай-ақ оның 29 қыркүйекте Кошицеде өтетін Словакияға қарсы ойында да алаңға шықпайтыны нақты белгілі.
Құрама дәрігерлері футболшының жағдайын бақылауды жалғастыруда. Дегенмен Самородовтың жарыстың үйдегі матчтарына – Молдоваға (2 қазан) және Фарер аралдарына (6 қазан) қарсы кездесулерге дейін айығып үлгермеу ықтималдығы жоғары.
Айта кетейік, жақында Самородов англиялық «Бернлиде» өнер көрсететін 18 жастағы Дастан Сәтпаевты (3,5 млн еуро) басып озып, Қазақстан құрамасының ең қымбат футболшысы (4 млн еуро) атанған еді. Форвард ұлттық құрама сапында жалпы 33 матч өткізіп, бес гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
Еске сала кетейік, жарақаттар салдарынан Қазақстан құрамасы басқа да маңызды ойыншыларынан айырылды. Қорғаушы Әлібек Қасым Ұлттар лигасының алғашқы екі сырт алаңдағы матчына қатыспайды, ал вингер Ислам Чесноков халықаралық үзілістегі барлық төрт кездесуден тыс қалды.
«Ерекше ойын болды»: «Қызылжар» легионері Қазақстанмен тең ойын туралы пікір білдірді
Әлім Динасылов