Матч орталығы
Дастан Сәтпаев Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттер кешіне қатысты: фото
18 қараша, 18:18

Фото: Дастан Сәтпаев
Ұлыбританияның жетекші университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық жастар Халықаралық студенттер күнін ерекше атмосферада атап өтті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Мерекелік кештің басты оқиғасы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісімен жылы кездесу болды. Ресми бөлім «Ұлы дала таңы» тарихи фильмінің көрсетілімімен жалғасты.
Алайда жиналғандар үшін басты тосынсый арнайы қонақ – Қазақстан құрамасы мен ағылшындық «Бёрнлидің» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың келуі болды.

Еске сала кетейік, лондондық «Челсиге» тиесілі және Чемпионшип аясында «Бёрнлиде» жалда өнер көрсететін 18 жастағы форвард қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қараша айының басында футболшы сан етінің бұлшықетінен қайта жарақат алып, ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы қараша айындағы матчтарын өткізіп алған еді.
Әлім Динасылов