Матч орталығы
«Ақтөбе» команда капитанымен қоштасты
18 қараша, 21:25

Фото: Бағдат Қайыров
«Ақтөбе» футбол клубы 33 жастағы қазақстандық қорғаушы әрі команда капитаны Бағдат Қайыровпен ресми түрде қоштасты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қайыров – «Ақтөбе» футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын Бірінші лигада өнер көрсеткен ақтаулық «Каспий» сапында бастап, 2016 жылы туған клубына алғаш рет қайта оралды. Кейінірек қорғаушы «Қайсар», «Ордабасы» және «Тобыл» клубтарының намысын қорғап, 2024 жылы «ақ-қызылдардың» қатарын қайта толықтырған болатын.
Жалпы алғанда, Қайыров «Ақтөбе» жейдесінде 160 ресми матч өткізді. Өткен маусымда капитан команда сапында сегіз ойынға қатысты. Сонымен қатар 2021 жылы дебют жасаған Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 21 кездесу өткізген.
Ахмет Ержанов