Матч орталығы
Намибия құрамасының қақпашысы: Қазақстанға қарсы ойыннан ләззат алуымыз керек
25 наурыз, 12:04

Фото: Ллойд Казапуа
Оңтүстікафрикалық «Блэк Леопардс» клубы мен Намибия құрамасының қақпашысы Ллойд Казапуа ASnews.kz порталына берген сұхбатында Қазақстанға қарсы матчтан не күтетінін айтты.
«Бүгінгі Намибия құрамасы – халықаралық тәжірибесі аз футболшылардан жасақталған жаңартылған команда. Есесіне олар физикалық тұрғыда мықты әрі қорғаушылардың ту сыртынан еппен өтіп кете алады. Сондай-ақ, нақты ойын өрнегі де бар.
Негізгі ойыншы ретінде капитан Риаан Ханамубты атап өтер едім: әдетте ол сол қапталдан қуатты шабуылға шығып, айып алаңына доп асырады. Жігіттер құрлық сыртындағы көптен күткен матчтан ләззат алады деп үміттенемін. Бұл – олардың өздерін көрсетуге таптырмас мүмкіндігі», – деді 37 жастағы голкипер.
Еске салайық, Намибия құрамасы өз тарихында алғаш рет УЕФА өкілімен ойнайды. 25 наурызда «Астана Аренада» оларды құрамының құны төрт есе қымбат бағаланатын Қазақстан қабылдайды. Бұл матч FIFA Series турнирі аясында өтеді.
Бұған дейін QFL экс-президенті Намибиядан не күтетінін айтты.
Ұлттық құраманың бас бапкері шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жарақатына қатысты түсініктеме берді.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 10:43
«Мәселе деңгейде емес, қысымда»: Йонсен Чесноковтың Шотландияда неліктен тұрақтай алмағанын түсіндірді
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол