Матч орталығы
«Тобылдың» жұлдызды легионері «Қайратқа» ауысуы мүмкін: толығырақ
27 қазан, 13:46

Фото: Пап-Альюн Ндиайе
Алматылық «Қайрат» «Тобылдың» орталық қорғаушысы Пап-Альюн Ндиайеге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бас бапкер мәселесінің нақты шешілмегеніне қарамастан, алматылық клуб 28 жастағы футболшымен келісімшартқа отыру мүмкіндігін қарастыруда. «Тобылға» 2024 жылдың басында келген француз ойыншысы маусым соңында еркін агент атануы мүмкін.
Рафаэль Уразбахтин отставкаға кеткеннен кейін «Қайраттың» бас бапкері міндетін атқарушы болып Жора Арутюнян тағайындалған болатын. Бұған дейін 34 жастағы маман «сары-қаралардың» жастар командасын жаттықтырған.
Биыл Пап-Альюн Ндиайе барлық турнирлерде 30 матч өткізіп, екі нәтижелі паспен көзге түсті. Сондай-ақ оның мансабында италиялық «Болонья» мен украиналық «Ворскла» сынды клубтар болған.
Әлишер Аманжол