Матч орталығы
Қазақстандық сұрмерген топ-клуб сапында дебют жасады: жақында «Аяксқа» гол соққан
3 қазан, 20:40

Фото: Шахмұрат Дәулетов
«Генк» академиясының 17 жастағы шабуылшысы Шахмұрат Дәулетов нидерландылық «Фортунаға» қарсы жолдастық матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Оң қапталдағы вингер «Сегека Аренада» өткен ойында алғаш рет «Генктің» негізгі құрамында алаңға шықты. «Фортунаға» қарсы бақылау матчының 87-минутында қазақстандық ойыншы орталық қорғаушы Зайон Хенриді алмастырды. Алаң иелері Эредивизидің алтыншы командасына 1:2 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Шахмұрат Дәулетов – танымал бельгиялық клубта ойын тәжірибесін алған 2009 жылы туған алғашқы футболшы. Осыдан бірнеше күн бұрын ол «Аякс» U-19 командасына қарсы жолдастық кездесуде (2:2) гол соғып, көзге түскен болатын.
Айта кетейік, «Антальяспор» мен «Беерсхоттың» бұрынғы шабуылшысы Еуропадағы құқықтық мәртебесін ретке келтірді. Құжаттарды заңдастыру рәсімінің аяқталуы Дәулетовке Қазақстан құрамасының матчтарына кедергісіз барып-қайтуына жол ашады.
Туған жерінде ол алматылық «Трейс» және «Қайрат» клубтарының намысын қорғаған.
«Тобыл» легионері: Қазақстан әнұраны шырқалғанда қозғалмай тұра қаламын
Әлишер Аманжол