Матч орталығы
«Ордабасы» президенті – қазақстандық футболшылар жайлы: аузына келген жалақыны сұрауда
18 қараша, 16:22

«Ордабасы» клубының президенті Жасұлан Барманқұлов клубтың алдағы трансферлері мен легионерлер лимитіне тоқталды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Легионерлер лимиті «Ордабасының» амбициясына әсер етеді. Әзербайжан, Польша және басқа да елдерде мұндай шектеу жоқ. Бізге клубтық деңгейде даму үшін легионерлер санын, менің ойымша, 12-ге дейін арттыру керек.
Егер легионерлер лимиті тоғыз болып қалса, қазақстандық сапалы ойыншыларды қатарға қосу қажет. Бірақ ұлттық құрамадағы ойыншыларды алу өте қиын болып тұр. Өйткені, олар жалақы бойынша ауыздарын ашуда. Оған қоса, келісімшартқа отырғаны үшін бонустар сұрайды. Егер лимит өзгермесе, амал жоқ, сұрағанын береміз», – деді Барманқұлов Эльдар Аманбевқа берген сұхбатында.
Клуб президентінің айтуынша, келесі жылы қазіргі легионерлерден Гай-Марселин Килама, Давид Абагна, Алекса Аманович, Лео Нател, Бьорн Йонсен, Тидиан Кейта және Алексей Гуцуляк қалады. Ал Никола Антич, Эвертон және Михай Капацинаның тағдырын жаңа бас бапкер шешеді.
Жаңа бас бапкердің есімі қараша айының соңына дейін белгілі болады екен.
Ернар Ламқадыров