Матч орталығы
Дастан Сәтпаев «Челсиге» оралды
8 қыркүйек, 11:46

Фото: Дастан Сәтпаев
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Чемпионшип аясында «Мидлсброға» қарсы өткен үйдегі матчта алған жарақатына байланысты бірнеше аптаны өткізіп жібереді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бұл кездесуде шабуылшы аяғын ұстап, алаңнан ерте кетуге мәжбүр болған еді. Британдық дереккөздердің мәліметінше, қалпына келу кезеңінде ойыншы трансферлік құқығы тиесілі лондондық «Челсидің» базасына оралады. Толық оңалту курсы аяқталғаннан кейін Сәтпаев қайтадан солтүстікке аттанып, Ники Хайен командасына қосылады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, 18 жастағы қазақстандық «Мидлсброға» қарсы ойында (1:1) тізе асты сіңірін жарақаттап алған болатын. Ол бұл кездесуде өзін тамаша қырынан көрсетіп, матчтың ең үздік ойыншысы (MVP) атанған еді. Осы жарақаттың салдарынан Дастан «Бристоль Ситиге» (1:2) қарсы өткен соңғы турға қатыса алмады. Ал кадрлық шығынға ұшыраған «Бернлидің» өзі қазір терең дағдарысты бастан кешіп, жарыс кестесінде соңғы орында келеді.
«Жан бағуға тура келеді»: «Бернли» бапкері Сәтпаевтың жарақатына қатысты мәлімдеме жасады
Әлім Динасылов