Матч орталығы
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы келесі матчын қашан өткізеді
4 қыркүйек, 08:22

Фото: Дастан Сәтпаев
Қазақстан ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін ағылшындық «Бернли» кезекті кездесуін сенбі, 5 қыркүйек күні өткізеді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Чемпионшиптің бесінші туры аясында Ники Хайеннің шәкірттері өз алаңында «Бристоль Ситиді» қабылдайды. «Терф Мур» стадионындағы ойын Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Алдағы текетіреске қос ұжым әртүрлі бапта келе жатыр: «Бернли» төрт турдан кейін еншісіндегі екі ұпаймен жарыс кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан, ал «Бристоль Сити» жеті ұпай жинап үлгерді. Өткен турда «кларетс» өз алаңында «Мидлсбромен» тең түссе (1:1), олардың болашақ қарсыласы сырт алаңда «Престонды» 3:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
18 жастағы қазақстандық форвард Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында лондондық «Челсиден» жалға алу құқығымен өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта шабуылшы барлық турнирлерде команданың төрт ресми матчына қатысып (үш рет негізгі құрамда шықты), әлі де нәтижелі әрекеттермен көзге түсе қойған жоқ. «Мидлсброға» қарсы соңғы кездесуде (1:1) Сәтпаев ресми түрде матчтың үздік ойыншысы атанған болатын.
Жас қазақстандық футболшы мансабын «Галатасарайда» жалғастырады
Әлім Динасылов