Матч орталығы
Белгілі комментатор – Сәтпаевтың «Челсидегі» мүмкіндігі туралы: қазақ футболшысы АПЛ-де алаңға шығады
25 шілде, 21:17

Фото: Дастан Сәтпаев
Ресейлік Okko Спорт комментаторы Лионель Абба ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» алғашқы маусымы қалай өтуі мүмкін екенін болжап көрді.
«Челсиде» жұмыс істеу оңай емес – клуб бапкерлерді жиі ауыстырады, ал Алонсоға нәтиже дәл қазір керек. Лондондықтардың еурокубоктерде ойнамайтынын ескерсек, Хаби шағын құраммен-ақ шектеле алады. Өткен маусымға қарап бағаласақ, Сәтпаев Делап пен Джексонға бәсеке тудыра алатын әлеуетке ие.
Дегенмен, Педро – негізгі құрамның тұрақты ойыншысы. Оның үстіне, алаңда тәжірибе жинақтауы тиіс жаңадан алынған Эмега да бар. Содан да болар, Дастан көбірек ойын практикасын Кубок жарыстарында алады, ал АПЛ-де ара-тұра қосалқы құрамнан алаңға шығып тұрады деп ойлаймын», – деді Абба.
Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челсидің» Аустралиядағы маусымашар турнесіне қатысатын футболшылар тізіміне енді. Онда лондондық ұжым «Уэстерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» клубтарына қарсы ойын өткізеді.
Айта кетейік, британдық клубтың жалпы құрамы 1,31 млрд еуроға бағаланып отыр – бұл әлем бойынша бесінші көрсеткіш.
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
Әлишер Аманжол