Матч орталығы
Қазақстандық футболшы Испанияда чемпион атанды: ПСЖ мен «Барселонаға» қарсы ойындарда көзге түсті
29 сәуір, 16:10

Фото: Ғабидолла Оразалы
14 жастағы қазақстандық шабуылшы Ғабидолла Оразалы «Валенсия» сапында Motion Cup жасөспірімдер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Валенсия» U-14 командасы «Атлетико», «Барселона» және «Бенфика» секілді 32 клуб қатысқан халықаралық жарыста бақ сынады. Топтан шыққаннан кейін испандықтар Сауд Арабиясының «Әл-Қадсиясын» (2:1), аустриялық «Ред Буллды» (4:1) және ПСЖ-ны (пенальти сериясында 6:5) тізе бүктірді.
Финалда «жарқанаттар» «Барселонаға» қарсы ойнады. Оразалы матчтың небәрі 25-секундында нәтижелі пас беріп, командасының жеңіске жетуіне (1:0) көмектесті. Жалпы, қазақстандықтың есебінде үш гол және бес ассист бар.
Айта кетейік, бұған дейін «Астананың» экс-футболшысы Испания аймақтары арасындағы турнирде де «алтын» иеленген болатын. Чемпионатта 21 гол соққан сұрмерген әлі күнге дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақырту алмағанын да ескере кеткен жөн.
Әлишер Аманжол