Матч орталығы
Қазақстан құрамасына үміткер футболшы: «Бавария» «Реалды» лайықты түрде жеңді – жақында сол клуб сапында ойнаймын
16 сәуір, 16:55

Фото: Артур Деграф
«Бавария» жастар командасының шабуылшысы Артур Деграф ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы матчтан (4:3) алған әсерімен бөлісті.
«Бұл – мен көрген ең керемет матч. 90 минут бойы атмосфера керемет болды, ал голдардың көптігі ойынды қыздыра түсті. «Реалдың» әлемдегі кез-келген команданы жеңе алатыны рас, бірақ мен басынан-ақ «Баварияның» жартылай финалға шығатынын сездім. Бұл командада ерекше мінез бар – қатарынан үш рет есепті теңестіру кез-келгеннің қолынан келмейді.
Жақын арада негізгі құраммен тағы да жаттығу мүмкіндігі туады деп үміттенемін, сонда өзімді көрсетемін. Қазір жарақатымнан емделіп жүрмін, бірақ бір күні дегеніме жетіп, арманымды жүзеге асырамын», – деді Деграф.
Венсан Компани жаттықтыратын команда екі матчтың қорытындысы бойынша «Реалды» 6:4 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. Осы маусымда мюнхендік клуб өз тарихында жетінші рет осы аталмыш трофейді жеңіп алуы мүмкін.
19 жастағы Артур Деграф Қазақстаннан қоныс аударған отбасының тумасы. «Баварияның» қосалқы құрамында өткізген 22 матч өткізіп 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Футболшы соңғы кездері сан жарақатынан айығып жатыр.
Әлишер Аманжол