Матч орталығы
Грозныйлық «Ахматтың» бұрынғы футболшысы Кенжебек туралы: қысқа уақыт ішінде өз деңгейін көрсетуі тиіс
27 наурыз, 13:10

Фото: Ғалымжан Кенжебек
«Ахматтың» бұрынғы шабуылшысы Шамиль Лахиялов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында грозныйлық клубтағы Ғалымжан Кенжебектің жағдайы туралы айтып берді.
«Өкінішке қарай, Кенжебекке ойын практикасы аз беріліп жүр – тіпті оның ойынын бағалаудың өзі қиын. Оған өзін көрсетуге аса көп мүмкіндік беріліп жатқан жоқ: «Ростовқа» қарсы ойында небәрі екінші рет қосалқы құрамнан аз уақытқа ғана шықты.
Ғалымжанды үлкен бәсекелестік күтіп тұр, өйткені Садулаевтан бөлек Касинтура, Мансилья және Самородовтың өзі бар. Енді ол бапкер берген аз уақыттың ішінде негізгі құрамнан орын алуға үміткер екенін дәлелдеуі керек», – деді Лахиялов.
Еске салайық, Ресейге ауысқаннан кейін 23 жастағы Ғалымжан Кенжебек алаңда небәрі төрт минут қана ойнады. «Ахмат» қазіргі таңда 30 ұпай жинап, РПЛ-дың үздік алтылығына кіру үшін күресін жалғастыруда.
Шамиль Лахиялов грозныйлық команда сапында 2007-2010 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Ол ел чемпионаты аясындағы 109 матчта 22 гол соғып, 15 нәтижелі пас (ассист) берген.
Басты жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол