«ҚФФ-ны қазақтар басқарсын, «Ақтөбе» – чемпион»: популизм қазақстандық футболды қалай құртып жатыр

19 қараша, 18:22

«ҚФФ-ны қазақтар басқарсын, «Ақтөбе» – чемпион»: популизм қазақстандық футболды қалай құртып жатыр

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы сәтсіздігі медиатұлғалар мен жанкүйерлер үшін таптырмас тақырыпқа айналды. Ауыр мәлімдемелер, ҚФФ басшылығын ауыстыруға шақыру және ойыншыларды қудалау – мұның бәрі дамуға серпін беретін дүние емес. ASnews.kz авторы популизмнің отандық футболға қалай әсер ететінін және бұл кімге тиімді екенін талдап көрді.

Бұл қандай ұғым?

Популизм – күрделі мәселелерді қарапайым жүйе арқылы түсіндіру тәсілі: «қарапайым халық» немесе «өзіміздікілер» мен «халықтан алшақтап кеткен билік», «шенеуніктер», «бөтендер» немесе «мамандар» арасындағы қарсылық. Бұл термин бастапқыда саясатта пайда болғанымен, оның тетіктері партиялық күрес шеңберінен әлдеқашан шығып, спорт пен күнделікті пікірталастарда белсенді жұмыс істеп тұр.

Оның негізгі белгілері айқын көрінеді: әлем «біз – нағыз жанашырлар» және «олар – бөтендер» болып екіге бөлінеді. Жылдам әрі түсінікті шешімдер ұсынылып, себептерді терең талдаудан гөрі эмоцияға басымдық беріледі. Ал кәсіби мамандар мен ұзақмерзімді реформалар сенімсіздік тудырады.

Қазақстандық футболдағы популизм қалай құрылған?

Тұжырымдамаға сәйкес, мұнда әділеттілік сезіміне, ренішке немесе шынайы болмысқа сүйену басым. Бұл қымбат легионерлерді алып тастап, орнына «жаны ашитын өзіміздің қаракөз батырларымызды» қою туралы талаптар немесе бірнеше жеңілістен кейін «ол біздің футболды түсінбейді» деген желеумен бапкерді дереу жұмыстан босатуға шақыру болуы мүмкін. Таныс нәрсе, иә?

Ұлттық құрама төңірегіндегі ақпараттық кеңістікте де дәл осындай үлгілер байқалады. Джон ван ’т Схиптің тағайындалуы бастапқыдан-ақ әлеуеті жоғары қадам болып көрінген жоқ: жетістігі Аустралия кубогын жеңумен ғана шектелетін ескі мектептің бапкері көмекшілерінсіз келді. Ол ҚПЛ-мен де таныс емес еді.

Нидерландтық маманға Қазақстан құрамасында кім көмектесті? Жас бапкер Елдос Ахметов және бұрынғы сұрмерген болғандағы барлық құрметке қарамастан, үш айдың ішінде «Тобыл» мен «Ертістен» іс жүзінде қуылған Нұрбол Жұмасқалиев. Алайда БАҚ-та қандай да бір объективті факторлар айтылмайды – «жай ғана Адиевті немесе Байсуфиновты қайтарыңдар» деген ұран басым.

Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов

Ал Талғат Байсуфинов болса, құрамада тегін жұмыс істеуге дайын екенін бірнеше рет жария түрде мәлімдеген. Алайда белгілі болғандай, 2025–2026 жылдары оның айлық жалақысы шамамен 12 млн теңгені құраған.

Талғат Байсуфинов

Жұртшылықтың ықыласына бөлену үшін үлкен уәделер беру тәсілі біздің футбол үшін жаңалық емес – мұнда Саян Хамитжановты еске алу жеткілікті. 2010 жылдың наурызында ҚФФ бас хатшысы қызметінде жүріп, ол: «Егер құрама Еуро-2016-ға шықпаса, федерацияның бүкіл басшылығы отставкаға кетеді», – деп көпшілік алдында уәде берген еді. Нәтижесінде Юрий Красножан жаттықтырған команда он матчта бес ұпай жинап, топта бесінші орын алды, бірақ атышулы мәлімдеме баспасөзге арналған әдемі сөз күйінде ғана қалды. Осыған ұқсас жағдай клубтық деңгейде де қайталанды: 2023 жылы «Астана» бас директоры ретінде Хамитжанов елордалық клубтың жеке базасы мен академиясын салуды жариялады – алайда бұл жоба төңірегіндегі әңгімелер он жылға жуық уақыттан бері бір орнынан қозғалмай тұр.

Ван ’т Схип топ-бапкер ме? Жоқ, бірақ бір гәп бар

БАҚ-тағы негатив тіпті журналистердің де көзін тұмшалайды. Мәселен, Словакияға қарсы ойын (2:2) қарсаңындағы баспасөз мәслихатында Ван ’т Схипке: «Неге бапкерлер штабы Артем Литошты елемейді?» деген сұрақ қойылды. Алайда бұған дейін тек бірінші лига деңгейінде өнер көрсеткен 21 жастағы шабуылшы дисквалификацияға байланысты алаңға шыға алмайтын еді.

Танымал подкаст спикерлері де бірқатар басқа кінәраттар айтты. Шетелдік бапкердің футболшылардың аты-жөнін дұрыс айта алмауына көз жұма берсек болады, бірақ оның жұмысқа енжар қарайтыны туралы айыптау еш сын көтермейді: 62 жастағы маман чемпионат ойындарын соңғы турға дейін стадионнан өзі барып тамашалады – бұл тағы да фактчекиннің жетіспеушілігінің мәселесі.

Елдос Ахметов және Джон ван 'т Схип

Мұндай ахуал бірден бірнеше тарапқа тиімді. Медиа резерв даярлау немесе ұзақмерзімді стратегия туралы іш пыстырарлық әңгімеден гөрі, өшпенділік арқылы қаралым мен назар жинайды. Жанкүйерлердің бір бөлігі нақты ықпал ету тетіктері жоқ кезде өздерін біртұтас әрі моральдық тұрғыдан дұрыс сезінеді. Ал жүйе ішіндегілерге қоғамдық ашу-ызаның құрылымдық сәтсіздіктерге емес, жеке тұлғалар мен эмоцияларға бағытталғаны ыңғайлы.

«Салығымыз қайда кетіп жатыр?»

Өткір тақырыптардың бірі – қаржы. Құраманың сәтсіз нәтижелерінен кейін қоғамдық кеңістікте Джон ван ’т Схиптің ғана емес, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Маннның да миллиондаған келісімшарттары туралы ақпараттар жиі айтылады. Бұл цифрлар көбіне мемлекеттік бюджет шығындарымен байланыстырылады.

Скотт Манн

Ресми деректерге сәйкес, ҚФФ дербес қоғамдық бірлестік болып табылады және аппаратты ұстауға, басшылық пен бапкерлердің жалақысына мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы алмайды. Еңбекақы қоры мен әкімшілік шығындар FIFA және UEFA-ның мақсатты бағдарламалары, коммерциялық және демеушілік келісімшарттар, телеқұқықтар мен маркетингтік құқықтарды сатудан түскен табыстар, ұлттық құрама матчтарының билеттері мен мүшелік жарналар есебінен қалыптасады.

Жақында өткен брифингте «Манчестер Ситидің» халықаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бұрынғы қызметкері жылдық жалақысы 1 млн долларды құрайтыны туралы ақпаратқа жауап берді:

«Барынша ашық айтуға рұқсат етіңіздер: мен Англияда қалып, әлдеқайда көп табыс таба алар едім. Менің мұнда келу туралы шешімім ақшаға байланысты емес», – деді Манн.

ҚФФ атқарушы директоры Бекжан Сафиновтың айтуынша, демеушілік түсімдерді есепке алғанда, федерацияның 2026 жылғы жалпы жылдық бюджеті шамамен 24–25 млрд теңгені құрайды. Осылайша, «салық төлеушілер есебінен төленетін миллиондаған жалақы» туралы тұжырымдар федерацияны қаржыландыру құрылымына сәйкес келмейді.

Бапкерлер штабы мен басқару жүйесінің тиімділігіне қатысты сұрақтар, сөзсіз, талқылауды қажет етеді. Бірақ фактілерді талдауды тексерілмеген бағалаулармен алмастыру футболды дамытудың мазмұнды мәселелерінен назарды жеңілдетілген әрі эмоционалды түсіндірулерге бұрып жібереді.

Ал клубтық футболда не болып жатыр?

Әрине, аудиториямен ойнау бүкіл чемпионат бойы жалғасады. Тіпті маусым аяқталғаннан кейін де тоқтамайды. Мәселен, тек осы айдың өзінде қазақстандық футбол туралы ең ірі Telegram-арнада «Ақтөбенің» аты сегіз рет аталған.

Соның алтауы – құрамды тазарту, жаңа бапкер тағайындау және легионер Шейи Оджоның алдындағы қарыздар туралы расталмаған ақпарат. Ал басты мазмұн: «бай тарихы, жанкүйерлер базасы мен қаржысы бар, чемпиондықты мақсат еткен клуб қалайша мұндай күйге түсті?». Алайда алтын медальді тіпті даулы Арман Оспанов та уәде етпеген еді:

«Біздің міндетіміз – «Ақтөбенің» әрқашан, биыл да, одан кейінгі барлық жылдары да ең жоғары орындарға, чемпиондыққа үміткер болуын және еурокубоктерде ойнауын қамтамасыз ету. УЕФА туы астындағы жарыстарға қатысу анда-санда бір болатын кездейсоқ оқиға болмауы тиіс», – деп мәлімдеген болатын басқарманың бұрынғы төрағасы қаңтар айында.

Орташа нәтижелер аясында жасанды дүрбелең туғызу киім ауыстыру бөлмесіндегі атмосфераға тікелей соққы болатын негативті тудырады. Пікірлерде «сырттан келген» бапкер Игорь Черевченкоға да сын тағылады. Егер «ақ-қызылдар» жанкүйерлерінің қызуқандылығы мен басты қарсыластардың кекесінін ескерсек, бұл әсерді екі есе көбейтуге болады.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  19 қараша, 18:22

«ҚФФ-ны қазақтар басқарсын, «Ақтөбе» – чемпион»: популизм қазақстандық футболды қалай құртып жатыр

1
Ұлттық құрама  19 қараша, 16:07

Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер белгілі болды

2
Халықаралық футбол  19 қараша, 14:18

Михаил Мудрик сәтсіз тапсырған допинг-тесті үшін Украина құрамасын айыптады

3
ҚПЛ  19 қараша, 13:06

Вакулко – болашағы жайлы: ҚПЛ клубтарынан қызығушылық бар

4
ҚПЛ  19 қараша, 11:54

«Тұранның» экс-легионері ҚПЛ-ге ауысуының қаржылық жағын ашық айтты

5
Ұлттық құрама  19 қараша, 10:17

«Ван ’т Схипті шақырғандар жауап беруі тиіс»: сарапшы ҚФФ-ның кадрлық шешімдерін талдады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25