«Ван ’т Схипті шақырғандар жауап беруі тиіс»: сарапшы ҚФФ-ның кадрлық шешімдерін талдады

19 қараша, 10:17

«Ван ’т Схипті шақырғандар жауап беруі тиіс»: сарапшы ҚФФ-ның кадрлық шешімдерін талдады

Фото: Джон ван ‘т Схип

Қазақстандағы 2026 жылғы футбол маусымы мәресіне жетіп қалды – күнтізбеде тек «Қайраттың» Конференция лигасындағы матчтары ғана қалды. Дегенмен терең талдауды қажет ететін себептер аз емес: ұлттық құрама Ұлттар лигасында сәтсіз өнер көрсетті, ҚПЛ клубтарына жекеменшік иелер келе бастады, ал ҚФФ-дағы шетелдік функционерлердің басқарушылық шешімдері барған сайын көп сұрақ туындатуда.

Қазақстан футбол одағының бірінші вице-президенті (2000–2005) және еліміздің УЕФА-ға өтуінің басты идеологтарының бірі Тілекбек Ақпаев «Бес Допинга» телеграм-арнасына берген сұхбатында өтіп бара жатқан жылдың қорытындысына толыққанды баға берді, деп хабарлайды ASnews.kz.

Ұлттар лигасындағы сәтсіздік және Джон ван ’т Схиптің тағайындалуы туралы

«Талғат Байсуфиновке Ұлттар лигасының осы циклін соңына дейін жеткізуге мүмкіндік беру керек еді. Ол өткен іріктеу кезеңінің соңын үміт сыйлайтындай өткізді... Ван ’т Схипті шақырған кезде, мен бұл эксперименттің аяқталуын күтіп, қорытындысына қарай баға беруді ұсынғанмын. Енді міне, нәтиже көз алдымызда: Еуропаның ең мықты деуге келмейтін құрамалары жиналған топта соңғы орын, үш ұпай және бірде-бір жеңіс жоқ. Меніңше, бұл нәтиже таңдаудың қате болғанын көрсетеді. Бірақ қазір бапкермен жай ғана қоштаса салу жеткіліксіз. Оны шақырған адамдар да түсініктеме беруі тиіс. Маманның бұрынғы тәжірибесін тағайындамас бұрын мұқият зерттеу керек еді. Кейін өз қателігіміз үшін опық жемес үшін, өзгенің қателігін алдын ала ескеру қажет».

ҚФФ басшылығындағы «легионерлер» туралы

«Скотт Маннға қатысты мен бұған дейін оның жұмысы қандай көрсеткіштер бойынша бағаланады деп сұрақ қойған едім. Енді оның тиімділік көрсеткіштеріне өзіміз куә болдық. Мәселен, ван ’т Схип оның жеке ұсынысымен келді, ал нәтижесін көріп отырмыз – құрама соңғы орында және нөл жеңіс. Мұндай таңдау жанкүйерлердің сеніміне өте қымбатқа түседі. Әзірге біз оның ауқымды жоспарлары туралы ғана естіп жүрміз.

Скуртул үшін бұл ҚФФ-ға екінші рет келуі. Оны қайта шақыруға не себеп болғаны мүлдем түсініксіз. Орыс тілін білу қарым-қатынасты жеңілдетеді, алайда бұл тағайындаудың басты негізі бола алмайды. Техникалық директордың ең маңызды бағыттарының бірі – отандық бапкерлерді даярлау. Лицензиялар беріліп жатыр. Ендеше неге біз әлі күнге дейін құрама мен ҚПЛ клубтарына тәлімгерлерді шетелден іздейміз?»

ҚПЛ-2026-дағы «футбол революциясы» туралы

«Бизнестің футболға келуін құптаймын. Бірақ футболдағы революция туралы айтуға әлі тым ерте. Кәсіпкер клубтың меншік иесі, инвестор әлде жай ғана демеуші ретінде келе ме – соны бәрі түсінгісі келеді. Капсула салу – жақсы іс, енді оның «өніп шығуын» күтеміз. Өкінішке қарай, футболды коммерцияландырудың жол картасы әлі күнге дейін қалыптаспаған. Сондықтан мен бірыңғай Футбол туралы заң қабылдауды белсенді түрде қолдаймын. Құрылымдық өзгерістер үшін тұрақты құқықтық негіз болмайынша, елдегі футболдың жүйелі дамуы туралы айту қиын».

Легионерлер лимиті және жалақы шегі

«Әңгімені футболшы ақша таба ма, әлде жай ғана жалақы ала ма деген сұрақтан бастау керек. Мен пандемия кезінде-ақ жалақы шегін талқылауды ұсынғанмын. Көптеген футболшының ойын сапасы оларды ұстауға кететін шығындарды әзірге ақтамай отыр. Ал лимитке келсек, қазақстандық клубтардан маусым алдында қандай міндет қоятынын сұрау қажет. Қандай сандық өлшемде болмасын, мұнда табыстың дайын формуласы бар деп ойламаймын. Тепе-теңдікті мемлекеттік қаржыландыру есебінен емес, сауатты селекция мен клубтың өз мүмкіндіктері арқылы сақтау керек».

Қазақстан 2002 жылы УЕФА-ға кімдер үшін өтті?

«Біз УЕФА-ға кімдер үшін өтсек, олар бүгін аулаларда доп теуіп жүр, ауылдар мен қалаларда өсіп келеді. Көпшілігі әлі мамандардың назарына іліккен жоқ. Оларды тауып, қабілеттерін ашуға мүмкіндік беруді федерацияның ең бірінші кезектегі міндеті деп санаймын. Үмітіміздің ақталуын бір немесе екі есіммен ғана байланыстыруға әлі ерте. УЕФА-ға өту арқылы біз тұтас буындарға жол аштық. Дарынды балаларымыздың болашағын қалыптастыру – ҚФФ-ның тікелей міндеті».

«Футбол туралы» заң идеясы

«Бірыңғай футбол туралы заңды қабылдау алдағы жылдарға тұрақты жұмыс істеу шарттарын бекітуге мүмкіндік береді. Ал «Дала Футбол Стилі» халқымызға тән ойын мәнері мен мінезін паш етуге жол ашады. 2001 жылдың желтоқсанында италиялық La Gazzetta dello Sport басылымы болжағандай, Қазақстан құрамасын әлем және Еуропа чемпионаттарының финалдық турнирлерінен көріп, үлкен стадиондарда өзіміздің «Қара жорғамызды» абыроймен билегенімізді армандаймын».

Еске сала кетейік, 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының C дивизионы қорытындысы бойынша нидерландтық маман Джон ван ’т Схип жаттықтырған Қазақстан құрамасы Словакия, Фарер аралдары және Молдовамен бір топта соңғы орынды иеленді (3 тең ойын, 3 жеңіліс). Осыдан кейін ҚФФ бапкермен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  19 қараша, 10:17

«Ван ’т Схипті шақырғандар жауап беруі тиіс»: сарапшы ҚФФ-ның кадрлық шешімдерін талдады

1
ҚПЛ  19 қараша, 08:21

«Оқжетпес» легионері еурокубокке шығудың басты факторын атады

2
ҚПЛ  18 қараша, 21:25

«Ақтөбе» команда капитанымен қоштасты

3
Ұлттық құрама  18 қараша, 20:08

«Қазақстан Бельгиямен күресе алады»: «Генк» ойыншысы – жасөспірімдер құрамының ойыны туралы

4
ҚПЛ  18 қараша, 19:37

«Қазақстан құрамасына натурализация қажет»: ҚПЛ экс-легионері – жалақы мен бешбармаққа деген махаббат жайлы

5
Ұлттық құрама  18 қараша, 18:39

«Молдовадан жеңілгеннен кейін жыладым»: Әліп Ван ‘т Схиптің жұмысы мен қалаулы бапкер туралы айтты

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25