Матч орталығы
«Тұранның» экс-легионері ҚПЛ-ге ауысуының қаржылық жағын ашық айтты
19 қараша, 11:54

Фото: Самир Фазли
Түркістандық «Тұранның» Солтүстік Македониядан келген экс-шабуылшысы Самир Фазли ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының қаржылық тартымдылығы туралы сұраққа ашық жауап берді.
«Шындығын айтайын: қаржылық мүддені жоққа шығару ақымақтық, Қазақстандағы жалақылар шынымен де жақсы. Әрине, төлемдер деңгейі нақты клубтың мәртебесіне байланысты – грандтар көбірек төлеуге дайын. Бұл ретте қазақстандық футболдың инфрақұрылым және жастарды жүйелі даярлау бағытында әлі де өсетін жері бар, алайда прогресс пен жеке инвесторлардың пайда болуы көзбен көрініп тұр», – деді Фазли.
Еске сала кетейік, солтүстікмакедониялық шабуылшы түркістандық «Тұран» намысын 2021 және 2023 жылғы маусымдарда қорғады. Қазақстан чемпионатында форвард 31 кездесу өткізіп, алты гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.
Әлім Динасылов