Матч орталығы

«Қолдарына допинг салып берген жоқ қой»: комментатор «Ордабасының» «Тобылды» ынталандыруы туралы

14 қыркүйек, 20:30

«Қолдарына допинг салып берген жоқ қой»: комментатор «Ордабасының» «Тобылды» ынталандыруы туралы

Фото: «Тобыл» ФК

Қазақстандық спорт комментаторы Дидар Есемов шымкенттік «Ордабасы» басшылығының ҚПЛ-дың 26-турында алматылық «Қайратқа» қарсы сырт алаңдағы матч алдында «Тобылды» қаржылай ынталандырғаны туралы ASnews.kz ақпаратына пікір білдірді.

«Тобыл» бір ерекше мотивациямен алаңға шықты. ASnews.kz ақпараты бойынша, «Ордабасы» басшылығы «Тобылға» мотивация берді. Бұл туралы не ойлаймын? Қарсыласқа мотивация болғанда, тікелей өз қарсыласына емес, басқа үшінші командаға мотивация етсе, оның ештеңесі жоқ. Чемпиондық таласта бұл болатын зат. Ойыншылардың қолдарына допинг салып берген жоқ қой. «Тобылға» бұл ойында ештеңе керек емес. Олар ұшып та кетпейді, еурокубокқа да таласпайды», – деді Есемов Fonteam подкастында.

Еске сала кетейік, өткен турда «Тобыл» Алматыда «Қайратты» 4:1 есебімен сенсациялық түрде тас-талқан етті. Бұл нәтиже қостанайлықтарға алматылық клубтың бәсекелестерінен ірі көлемде қаржылай бонус әкелді.

Қонақтар сапынан Урош Милованович дубль авторы атанса, Виталий Лисакович пен Луис Герра тағы бір-бір голдан соқты. Алаң қожайындарының жалғыз добын Марк Гуаль енгізді.

Тур қарсаңында «Ордабасы» басшылығы сол сәтте шымкенттіктерден екі ұпайға озып тұрған «Қайратпен» тең түскен немесе оларды жеңген жағдайда «Тобыл» ойыншыларына қомақты сыйақы беретіні туралы ақпарат тараған болатын.

Алматыдағы сенсация чемпиондық атақ үшін таластағы жағдайды түбегейлі өзгертті. «Астананы» (1:0) жеңгеннен кейін «Ордабасы» 58 ұпай жинап, бірінші орынға қайта жайғасты. «Қайрат» (57 ұпай) екінші сатыға төмендеді. Ал «Тобыл» (34 ұпай) ірі жеңісінің арқасында жетінші орынға табан тіреді.

«Тобыл» «Қайратты» жеңгені үшін «Ордабасыдан» миллиондар алады

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  30 қазан, 20:41

«Қызайбаев сөзіне абай болуы керек»: эксперт «Ордабасы» басшысын ақтөбеліктер туралы айтқан сөзі үшін сынға алды

1
ҚПЛ  30 қазан, 20:30

«Оқжетпестің» қаһарманы және «жарақаттана беретін» «Ақтөбе» қорғаушысы: ҚПЛ-дың ең бағаланбағай қалған ойыншылары

2
ҚПЛ  30 қазан, 19:47

«Жеңіс»—«Қайсар» матчы букмекерлік кеңселердің желісінен алынып тасталды

3
ҚПЛ  30 қазан, 17:58

«Елімай» шабуылшысы клубын ауыстыруы мүмкін

4
ҚПЛ  30 қазан, 15:12

Букмекерлік кеңселер «Ұлытау» – «Атырау» матчын тізімнен алып тастады

5
ҚПЛ  30 қазан, 12:41

ҚПЛ клубының функционерлері атышулы айыптаудан кейін БАҚ сұрақтарына жауап беруден бас тартты

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
29
21
5
3
38
68
2
ҚайратҚайрат
29
19
7
3
37
64
3
АстанаАстана
29
15
8
6
17
53
4
ОқжетпесОқжетпес
29
15
6
8
8
51
5
АқтөбеАқтөбе
29
13
7
9
7
46
6
ЕлімайЕлімай
29
12
9
8
2
45
7
ТобылТобыл
29
12
5
12
1
41
8
ҰлытауҰлытау
29
9
8
12
-8
35
9
ЖеңісЖеңіс
29
8
9
12
-9
33
10
КаспийКаспий
29
9
6
14
-11
33
11
ҚызылжарҚызылжар
29
8
6
15
-12
30
12
ЕртісЕртіс
29
7
8
14
-15
29
13
АтырауАтырау
29
5
12
12
-11
27
14
АлтайАлтай
29
6
9
14
-11
27
15
ЖетісуЖетісу
29
6
8
15
-18
26
16
ҚайсарҚайсар
29
4
13
12
-15
25