Матч орталығы
ҚПЛ клубының функционерлері атышулы айыптаудан кейін БАҚ сұрақтарына жауап беруден бас тартты
30 қазан, 12:41

Фото: Нұртас Кургулин және Бақытжан Пазылқайыр
«Каспийдің» бұрынғы басшысы Нұртас Кургулин мен «Қайсардың» экс-директоры Бақытжан Пазылқайыр желіде тараған инсайдтардан кейін ASnews.kz редакциясының бірнеше рет соққан қоңырауларына жауап бермеді.
Бұған дейін «ЖаркOFF» телеграм-арнасы Пазылқайыр мен Кургулин жергілікті «Алтай» клубына ұсыныс жасау үшін Өскеменге барғанын хабарлаған болатын. Дереккөздің мәліметінше, функционерлер клубпен Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалу күресінен өз еркімен бас тарту туралы келісуге тырысқан, бірақ бұл әрекеттері нәтижесіз аяқталған.

Ресми түсініктеме алып, жағдайдың анық-қанығын білу үшін ASnews.kz редакциясы Нұртас Кургулинмен де, Бақытжан Пазылқайырмен де хабарласуға бірнеше рет әрекет жасады, бірақ қос функционер де журналистердің қоңырауын жауапсыз қалдыруды жөн көрді.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда өскемендік «Алтай» жоғарғы дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін тікелей күрес жүргізіп жатыр, ол турнир кестесінде «Атыраумен» бірге 13–14-орындарды бөлісіп тұр (әрқайсысында 27 ұпайдан).
Ахмет Ержанов