Матч орталығы
«Бәрі ертең шешіледі»: Бабаян – «Астанадағы» қаржылық мәселе туралы
6 қыркүйек, 21:25

Фото: Григорий Бабаян
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында «Елімай» командасын 4:0 есебімен жеңгеннен кейінгі команданың қазіргі жағдайына тоқталды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бұған дейін БАҚ беттерінде клубтағы күрделі қаржылық мәселелер мен бірнеше ай бойы жалақы төленбегені туралы ақпараттар пайда болған еді. Ойыншылар «Sport Qory» 7 қыркүйекке дейін мәселені шешпесе, шектен тыс шаралар қабылдауға және жаттығулар мен матчтарға қатысудан бас тартуға дайын екендігі туралы хабарланған.
«Белгілі бір келісімдер бар. Біз бәріміз ертеңгі күнді күтіп отырмыз. Қазір ештеңе айта алмаймын. Бәрі ертең шешіледі», - деді Бабаян.
Клубтағы жағдай жанкүйерлер арасында үлкен алаңдаушылық тудыруда. «Астана» қазіргі уақытта жоғары орындар үшін күресуде: Бабаянның командасы лига кестесінде 45 ұпаймен үшінші орында келе жатыр. Ойыншылардың бойкот жариялауы команданың соңғы нәтижелеріне ғана емес, сонымен қатар елордалық клубтың еурокубоктағы ұзақ мерзімді тұрақтылығына да қауіп төндіруі мүмкін.
Әлім Динасылов