Матч орталығы

Теннис
WTAНинбо женщины
Елена РыбакинаЕлена Рыбакина
2:1Аяқталды
Катажина КаваКатажина Кава
Хоккей
РесейКХЛ
ТракторТрактор
3:1Аяқталды
Ак БарсАк Барс
Теннис
ATPАлматы мужчины
Александр БубликАлександр Бублик
2:1Аяқталды
Карен ХачановКарен Хачанов
Футбол
ГерманияБундеслига
ШтутгартШтутгарт
23:30Бүгін
БоруссияБоруссия
Баскетбол
ЕуропаЕуролига
ПарижПариж
23:45Бүгін
ВаленсияВаленсия
Футбол
ИталияА сериясы
ТориноТорино
23:45Бүгін
МонцаМонца
Футбол
ФранцияЛига 1
БрестБрест
23:45Бүгін
НиццаНицца
Футбол
АнглияЧемпионшип
БолтонБолтон
00:00Ертең
МидлсброМидлсбро
Футбол
АнглияПремьер-лига
ИпсвичИпсвич
00:00Ертең
Ноттингем ФорестНоттингем Форест
Футбол
ИспанияЛа Лига
АлавесАлавес
00:00Ертең
МалагаМалага
Футбол
ПортугалияПримейра-лига
ГимарайншГимарайнш
00:45Ертең
МаритимуМаритиму
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ОқжетпесОқжетпес
15:00Ертең
КаспийКаспий
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ЖетісуЖетісу
15:00Ертең
ТобылТобыл
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ҚызылжарҚызылжар
16:00Ертең
ҰлытауҰлытау
Футбол
АнглияЧемпионшип
ПортсмутПортсмут
16:30Ертең
МиллуоллМиллуолл
Футбол
АнглияЧемпионшип
ЧарльтонЧарльтон
16:30Ертең
НорвичНорвич
Футбол
АнглияЧемпионшип
ШеффилдШеффилд
16:30Ертең
ДербиДерби
Футбол
АнглияПремьер-лига
Астон ВиллаАстон Вилла
16:30Ертең
Манчестер СитиМанчестер Сити
Футбол
ИспанияЛа Лига
Райо ВальеканоРайо Вальекано
17:00Ертең
ЭльчеЭльче
Футбол
ИталияА сериясы
КомоКомо
18:00Ертең
СассуолоСассуоло

«Ордабасының» ортақ иесі Бейбіт Әлібеков әкесінің қазақ ұлтына бағыттаған балағатына байланысты дауға қалды

17 тамыз, 13:02

«Ордабасының» ортақ иесі Бейбіт Әлібеков әкесінің қазақ ұлтына бағыттаған балағатына байланысты дауға қалды

Фото: Бейбіт Әлібеков

Шымкенттік «Ордабасының» ортақ иесі әрі амбассадоры Бейбіт Әлібековтің басы дауға қалды – бұл жолы өз сөздері үшін емес. Әлеуметтік желілерде оның әкесі Бақыт Әлібековтің қазақтар мен қазақ тілі туралы пікір білдірген жазбалары тарап кетті. Бейбіт бұл жағдайға көпшілік алдында жауап беруге мәжбүр болды.

ASnews.kz не болғанын және бұл ҚПЛ көшбасшысына қалай әсер ететінін талдайды.

Не болды?

16 тамызда Threads желісінде кәсіпкер, блогер әрі Respublica партиясының төрағасы Бейбіт Әлібековтің әкесі Бақыт Әлібековтің Facebook-тегі жазбалары тарады.

Бейбіт Әлібековтың әкесі Бақыттың жазған пікірлері

Ол Қазақ КСР-інде туғанын, өзін совет адамы ретінде сезінетінін жазып, өзінің буынын сынайтындарды «мамбеттер» мен «қалбиттер» деп атаған. Оның түсіндіруінше, бұл сөздер білімсіз әрі қараңғы адамдарды білдіреді.

Басқа жазбасында ол «қазанбастар» сөзін қолданып, Пушкин ескерткіші мен «Аташка» сөзінің шығу тегі туралы пікірталастарға наразылық білдірген. Сондай-ақ билікті әлеуметтік желідегі мұндай талқылауларды тоқтатуға шақырған.

Желі қолданушылары оның аватаркасындағы КСРО туына да назар аударды.

Әлеуметтік желінің реакциясы

Скриншоттар Threads-те тез тарап, сын толқынын тудырды.

«Бейбіт Әлібековтің әкесі Бақыт Әлібеков Facebook-те қазақтарды «қазанбастар» деп ашық қорлап отыр. Қазақстанда отырып мұндайды жазады», – деп жазды қолданушылардың бірі.

Кейбір пікір жазушылар бұл сөздердің қарапайым пікірталас шегінен шығып кеткенін айтса, енді біреулері авторды жақтап, сөздердің бүкіл ұлтқа емес, нақты адамдарға бағытталғанын алға тартты.

Көп ұзамай сұрақтар ұлына да қойыла бастады. Көбі әкесінің көзқарасын коғам қайраткері, саясаткер әрі футбол клубының иесі Бейбіт Әлібековтің ұстанымымен байланыстырды.

Бейбіт Әлібековтің жауабы

Бастапқыда кәсіпкер жағдайға пікір білдірмеді. Бірақ 17 тамызда ол көлемді жазба жариялады.

«Бәріміз де ата-анамызды таңдамаймыз, олардың да бізді таңдай алмайтыны түсінікті. Мен әкемнің көзқарастары мен пікірлерін ешқашан қолдаған емеспін және бұл туралы ашық айтып келдім. Әр адамның өз ұстанымы мен пікірі бар. Бірақ мен тек өз сөздерім, әрекеттерім мен көзқарастарым үшін жауап бере аламын. Бала әкесінің сөзі немесе әрекеті үшін жауап бермеуі керек деп есептеймін», – деп жазды Әлібеков.

Оқырмандардың жауабы екіге бөлінді: кейбіреулер оның ұстанымын қолдаса, басқалары әкесінің ашық мәлімдемелері ұлына сұрақ қоюға негіз болады деп санады. Пікірлерде посттың стилистикасына қатысты мысқылдар да болды – кейбір қолданушылар мәтін нейрожелі арқылы жазылғандай көрінетінін айтты.

Футболға қандай қатысы бар?

Қазақстан футболы үшін бұл оқиға бір себеппен маңызды: Бейбіт Әлібеков – қазіргі уақытта ҚПЛ-да көш бастап тұрған клубтағы маңызды тұлғалардың бірі.

Ол «Ордабасы» жобасына 2026 жылы тең иесі әрі амбассадоры мәртебесінде келді. Клуб 16 маусымда өткен аукционнан кейін (156,9 миллион теңге) толықтай жеке қолға өтті. Иесі Шахмұрат Муталипке тиесілі Integra Construction KZ компаниясы болды.

Әлібековке қойылған міндет нақты еді: «Ордабасыны» жай ғана футбол клубы емес, Шымкенттің визит карточкасына айналдыру. Жарты маусымда ол бұл тапсырманы орындады деуге болады.

Оның келуімен клуб матч-дэйді бөлек өнім ретінде жүйелі түрде дамыта бастады: фейерверктер, Қайрат Нұртас, Shiza, Айқын Төлепберген, Төреғали Төреәлі сияқты эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі, Kiss Cam, Dance Cam және көлік ұтыстары. Өз алаңындағы матчтарды стандартты 7 камераның орнына клуб есебінен 12 камерамен түсіру қолға алынды. Нәтижесінде – солд-ауттар және 28 мамырда «Қайратқа» қарсы 50 мыңнан астам жанкүйер жинаған матч.

«Егер Шымкентті тойлар қаласы десе, біз бұдан ұялмаймыз, керісінше оны алдыңғы қатарға шығарамыз», – деп түсіндірді Әлібеков өз логикасын.

Бейбіт Әлібеков «Ордабасының» ойыны алдында

Параллельді түрде ол Қазақстан футболындағы ең танымал медиа өкілдерінің біріне айналды. Чемпионатты «әкімдердің текетіресі» деп атап, клубтарды мемлекеттік қаржыландыруды сынға алды.

Алда не күтіп тұр?

Бұл оқиға әлі клубқа тікелей әсер еткен жоқ – «Ордабасы» чемпионатта көш бастап тұр және өз тарихындағы кезекті титул үшін күресуде. Клуб тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Бірақ футболдағы рөлін медиа мен ашықтыққа құрған адам үшін репутациялық фон өзгерді. Әлібеков клубты жылжыту құралы ретінде жеке брендіне бәс тікті – мұндай модельде оның есімі төңірегіндегі кез келген оқиға автоматты түрде «Ордабасының» оқиғасына айналады.

Бейбіт Әлібеков – Қазақстандық кәсіпкер, журналист, блогер, Alibekov брендінің, Blackberry медиахолдингінің және Astana Watch Club негізін қалаушы, Қазақстан Медиа Альянсының құрылтайшыларының бірі. 2022 жылы Respublica партиясын құруға қатысқан. 2026 жылы «Ордабасының» тең иесі әрі амбассадоры атанды.

Шымкенттік клуб 13 турдан кейін жақын қуғыншысы «Қайраттан» төрт ұпайға алда келеді.

Сәтпаевқа еріп Еуропаға кете ме? ҚПЛ-2026 маусымының басты таланты Жасұлан Әмір жайлы не білеміз?

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  23 қазан, 20:51

Йонсен «Ордабасының» мүмкін алтын дублі туралы: 35-ші туған күніме ең жақсы сыйлық

1
ҚПЛ  23 қазан, 18:16

Бьорн Йонсен | Ордабасымен тарих жазу, Эдегор мен Холандпен бірге ойнау, Қазақстандағы рекордтар

2
ҚПЛ  23 қазан, 18:06

«Нұрдәулетов құраманы басқаруға қабілетті»: ҚПЛ экс-легионері – «Жетісудағы» жанжалдар мен Сәтпаев туралы

3
ҚПЛ  23 қазан, 16:46

«Ақтөбенің» екі негізгі ойыншысы «Қайратқа» қарсы матчқа қатыспайды

4
Еурокубоктар  23 қазан, 15:01

«Ұзақ жол – сылтау емес»: «Қайрат» қақпасына дубль жасаған ойыншы – ірі жеңіс туралы

5
Халықаралық футбол  23 қазан, 12:01

«30 минут қана ойнай алады»: «Бернлидің» бас бапкері – Сәтпаев туралы

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
28
21
4
3
38
67
2
ҚайратҚайрат
28
19
6
3
37
63
3
АстанаАстана
28
15
7
6
17
52
4
ОқжетпесОқжетпес
28
14
6
8
5
48
5
АқтөбеАқтөбе
28
13
6
9
7
45
6
ЕлімайЕлімай
28
12
8
8
2
44
7
ТобылТобыл
28
12
4
12
1
40
8
ҰлытауҰлытау
28
9
8
11
-7
35
9
КаспийКаспий
28
9
6
13
-8
33
10
ЖеңісЖеңіс
28
8
8
12
-9
32
11
АтырауАтырау
28
5
12
11
-10
27
12
ҚызылжарҚызылжар
28
7
6
15
-13
27
13
ЕртісЕртіс
28
6
8
14
-16
26
14
АлтайАлтай
28
6
8
14
-11
26
15
ЖетісуЖетісу
28
6
7
15
-18
25
16
ҚайсарҚайсар
28
4
12
12
-15
24