Матч орталығы

Хоккей
РесейКХЛ
АвтомобилистАвтомобилист
4:1Аяқталды
БарысБарыс
Футбол
ТүркияСуперлига
БешикташБешикташ
2:0Аяқталды
БашакшехирБашакшехир
Хоккей
РесейКХЛ
ДинамоДинамо
2:3Қос. уақытта
АвангардАвангард
Футбол
КипрСИТА лигасы
АЕКАЕК
2:0Аяқталды
ОмонияОмония
Футбол
БолгарияБірінші лига
ЦСКА СофияЦСКА София
2:0Аяқталды
ЛудогорецЛудогорец
Футбол
АзияАФК Чемпиондар лигасы
Аль-НасрАль-Наср
23:1526.10
Аль ВаслАль Васл
Футбол
АзияАФК Чемпиондар лигасы
Аль-КадисияАль-Кадисия
1:1Аяқталды
Аль-СаддАль-Садд
Футбол
ТүркияСуперлига
ГалатасарайГалатасарай
2:1Аяқталды
ФенербахчеФенербахче
Теннис
ЧелленджерЧелленджер Брест
Маттео МартиноМаттео Мартино
0:2Аяқталды
Отто ВиртаненОтто Виртанен
Футбол
ПортугалияПримейра-лига
Санта-КлараСанта-Клара
1:2Аяқталды
БенфикаБенфика
Футбол
ФранцияЛига 1
ПСЖПСЖ
2:0Аяқталды
ЛионЛион
Футбол
ИспанияЛа Лига
СевильяСевилья
2:0Аяқталды
ОсасунаОсасуна
Теннис
WTAТокио женщины
Юлия ПутинцеваЮлия Путинцева
07:40Бүгін
Мария СаккариМария Саккари
Теннис
ЧелленджерЧелленджер Сеул
Бейбіт ЖұқаевБейбіт Жұқаев
10:30Бүгін
Чак Лам Колман ВонгЧак Лам Колман Вонг
Теннис
ЧелленджерЧелленджер Сеул
Стефанос СакелларидисСтефанос Сакелларидис
10:30Бүгін
Тимофей СкатовТимофей Скатов
Футбол
УкраинаУкраина кубогы
ШахтерШахтер
21:00Бүгін
Динамо КиевДинамо Киев
Футбол
ГерманияГермания кубогы
ГамбургГамбург
22:00Бүгін
АйнтрахтАйнтрахт
Футбол
ГерманияГермания кубогы
Рот ВайссРот Вайсс
22:00Бүгін
ЛейпцигЛейпциг
Футбол
ИталияА сериясы
СассуолоСассуоло
22:30Бүгін
ЛациоЛацио
Футбол
ИспанияИспания кубогы
КуартеКуарте
22:30Бүгін
ЖиронаЖирона

Сәтпаевқа еріп Еуропаға кете ме? ҚПЛ-2026 маусымының басты таланты Жасұлан Әмір жайлы не білеміз?

26 шілде, 12:22

Сәтпаевқа еріп Еуропаға кете ме? ҚПЛ-2026 маусымының басты таланты Жасұлан Әмір жайлы не білеміз?

Фото: Жасұлан Әмір

2026 жылы қазақстандық футбол соңғы жылдардағы ең жарқын жаңа есімдердің бірін таныды. «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір ҚПЛ көшбасшысының негізгі құрамына жарқ етіп кіріп, заманауи әмбебап хавбектің рөлін шебер атқарып жүр. Жасы 19-дағы футболшыға шетелдік клубтар тарапынан қызығушылық жоғары, бірақ шымкенттіктердің оны әзірге жіберетін ойы жоқ.

ASnews.kz Шымкенттен шыққан жас талант туралы басты деректерді жинап көрді.

Алтынтөбеден Шымкентке дейін: балалық шағы мен футболдағы алғашқы қадамдары

Жасұлан Мамыржанұлы Әмір 2006 жылғы 26 желтоқсанда Түркістан облысының Алтынтөбе ауылында дүниеге келген. Ол кішкентай кезінде-ақ Шымкентке көшіп, «Ордабасы» футбол орталығының жүйесіне тап болады. Дәл осы жерде ол жергілікті академияның басты таланттарының біріне айналып, шашының ақшыл түсіне байланысты футболда «Сары» деген лақап атқа ие болады.

2024 жылы «Ордабасы» академиясының жас футболшылары алғаш рет Еуропаға қаралымнан өтуге барды. Бұл сапар Жасұланға халықаралық тәжірибе сыйлап, ересектер деңгейінде өнер көрсетуге дайын екенін түсінуге мүмкіндік берді.

Жасөспірімдер арасындағы Freedom QJ League жарысында 42 матч өткізіп (алты гол, төрт ассист), тірек жартылай қорғаушы ретінде лиганың символикалық құрамасына енді. Жасөспірімдер жарысындағы сәтті ойыны оған «Ордабасының» негізгі командасына тікелей жол ашып берді.

ҚПЛ-2026 маусымындағы серпіліс және «шымкенттік Вальверде» деген аты

Қазақстан премьер-лигасымен алғашқы таныстық 2025 жылғы 30 наурызда өтті: Жасұлан «Қызылжарға» қарсы матчтың 81-минутында алаңға шықты. Өткен маусым толығымен бейімделуге кетті – ойыншы 13 кездесуде бар болғаны 174 минут қана мүмкіндік алды.

Ал 2026 жылғы маусым Әмір үшін нағыз серпіліс жылы болды. Оның дамуы өте жылдам жүрді: чемпионаттың басым бөлігінде-ақ ол 195 минут ішінде екі гол соғып, бір нәтижелі пас беріп, лиганың ең тиімді ойыншыларының қатарына енді. 11-турға қарай Әмір бұл табысын одан әрі нығайтып, қостанайлық «Тобылдың» қақпасына дубль жасады (3:0).

Журналисттер жас футболшыны Федерико Вальвердеге теңей бастады – Әмір де алаңда заманауи хавбектің атқаратын жұмысын айна-қатесіз орындайды. Ол шабуылды бұзу кезінде де, ұйымдастыру кезінде де өте сенімді.

«Әрине, маған шабуыл шебінде өнер көрсеткен ыңғайлырақ. Нәтижелі іс-әрекеттермен көзге түскен ұнайды. Бірақ ең бастысы – командаға пайда әкелу. Сондықтан бапкер мені қай позицияда көрсе, сонда ойнауға дайынмын», – деді Жасұлан алаңдағы рөлі туралы.

Қазіргі уақытта 19 жастағы жартылай қорғаушының статистикасы мықты: 22 матчта тоғыз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Қазақстан ұлттық құрамасындағы дебюті

ҚПЛ-дағы тұрақты ойыны оны елдің басты командасына шақыруға алып келді. 2026 жылдың мамырында Жасұлан Әмір командаласы Мағжан Тоқтыбаймен және «Астананың» вингері Мақсат Абраевпен бірге Қазақстан ұлттық құрамасына алғаш рет шақырту алды.

«Бірден ата-анама қоңырау шалдым. Бәрі өте қуанышты! Бұл менің арманым еді. Алдағы матчтарда негізгі команда сапында дебют жасап, өзімді жақсы жағымнан көрсетуге тырысамын. Сенім артқаны және мүмкіндік бергені үшін бапкерлер штабына алғысым шексіз», – деді Әмір.

Арманы 2026 жылғы 6 маусымда орындалды: Әмір Арменияға қарсы жолдастық кездесуде (1:1) Қазақстан құрамасы сапында ресми түрде дебют жасап, Максим Самородовқа нәтижелі пас берді.

Шетелдік клубтардан бас тарту

19 жастағы жартылай қорғаушының нәтижелілігі шетелдік нарықтың да назарын аудартты. ASnews.kz ақпараты бойынша, Калининградтың «Балтикасы» ойыншы үшін 3 миллион еуро (шамамен 1,6 миллиард теңге) ұсынған, бұл оның Transfermarkt порталындағы нарықтық құнынан (500 мың еуро) алты есе артық. Сонымен қатар, түркиялық «Истанбул Башакшехир» клубы да нақты қызығушылық танытқан.

Дегенмен шымкенттік клубтың басшылығы қатаң ұстанымда қалды. «Ордабасының» президенті Дархан Қызайбаев шетелдік ұжымдардың қызығушылығын ресми түрде растағанымен, таяу арада трансфер болады деген қауесеттің бетін қайтарды:

«Балтика» тарапынан қызығушылық болғаны шын, бірақ ресми ұсыныс жасаған жоқ – біз бірден бас тартып, Жасұланның клубта қалатынын аңғарттық. Оны осы жазда сатуды жоспарлап отырған жоқпыз. Ең алдымен ол биыл командамен бірге чемпион атануы тиіс. Ал келесі жылы оның өзімен және әкесімен бірге шешім қабылдаймыз. Егер клуб Чемпиондар лигасына шықса, оның қалу-қалмауын талқылаймыз».

Футболшының өзі де кез келген болашақ трансфер үшін тұрақты ойын практикасының кепілдігін негізгі талап етіп қойып отыр.

2026 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша «Ордабасы» Қазақстан чемпионатында көш бастап тұр, ал Жасұлан Әмір – чемпиондық жарыстағы негізгі фигуралардың бірі. 2027 жылдың жазында оның шетелдік мықты чемпионатқа ауысу мәселесі қайта қаралатын болады.

Сәтпаевтан кейінгі кезекті талант па?

Қазіргі таңда қазақстандық футболда нағыз ұрпақ алмасу кезеңі өтіп, жас таланттардың шарықтау шағы басталды. 17 жасар Дастан Сәтпаев лондондық «Челсиге» бой үйретіп, АПЛ-ді бағындыруға дайындалып жатқанда, Жасұлан Әмір де Еуропа чемпионаттарына жол тартатын келесі отандық талант болуға дайын екенін қарқынды түрде дәлелдеп келеді.

«Гуаль Сәтпаевтың орнын баса алмайды»: «Ордабасы» легионері Дастанның «Челсиге» ауысуы жайлы

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  26 қазан, 21:05

Йонсен «Ордабасыға» ауысар алдында Сауд Арабиясындағы сәтсіз кезеңінің себебін түсіндірді

1
Халықаралық футбол  26 қазан, 18:39

Қазақстандық шабуылшы Португалияда дубль авторы атанды (видео)

2
ҚПЛ  26 қазан, 16:52

ҚПЛ чемпионы бапкерін ауыстыруы мүмкін: толығырақ

3
ҚПЛ  26 қазан, 14:47

«Қайрат» бразилиялық легионермен қоштасады: толығырақ

4
ҚПЛ  26 қазан, 13:46

Ресми: Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

5
ҚПЛ  26 қазан, 13:01

«Мартин чемпион боламыз деп сендірді»: Йонсен «Ордабасыға» ауысуы туралы

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
29
21
5
3
38
68
2
ҚайратҚайрат
29
19
7
3
37
64
3
АстанаАстана
29
15
8
6
17
53
4
ОқжетпесОқжетпес
29
15
6
8
8
51
5
АқтөбеАқтөбе
29
13
7
9
7
46
6
ЕлімайЕлімай
29
12
9
8
2
45
7
ТобылТобыл
29
12
5
12
1
41
8
ҰлытауҰлытау
29
9
8
12
-8
35
9
ЖеңісЖеңіс
29
8
9
12
-9
33
10
КаспийКаспий
29
9
6
14
-11
33
11
ҚызылжарҚызылжар
29
8
6
15
-12
30
12
ЕртісЕртіс
29
7
8
14
-15
29
13
АтырауАтырау
29
5
12
12
-11
27
14
АлтайАлтай
29
6
9
14
-11
27
15
ЖетісуЖетісу
29
6
8
15
-18
26
16
ҚайсарҚайсар
29
4
13
12
-15
25