«Қазақтар Еуропаға ұмтылуы керек»: Кейта – «Ордабасыға» ауысуы, Лига 1 және Әмір туралы

13 шілде, 19:23

«Қазақтар Еуропаға ұмтылуы керек»: Кейта – «Ордабасыға» ауысуы, Лига 1 және Әмір туралы

Фото: Тидиан Кейта

«Қайраттың» үстемдігін тоқтату мақсатында «Ордабасы» Нидерланд, Бразилия, Түркия және Кипрдің жоғарғы дивизиондарында ойнаған футболшыларды шақырды. Тидиан Кейтаның көрсеткіштері олармен салыстырғанда қарапайым көрінгенімен, «Клуждың» экс-жартылай қорғаушысының үлкен тәжірибесі бар.

ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында 29 жастағы француз легионері:

  • Францияның атақты клубындағы сәтсіздіктен кейін мансабын қалай аяқтай жаздағанын мойындады;
  • Шымкенттегі келіссөздер мен ондағы атмосфера туралы айтып берді;
  • ҚПЛ инфрақұрылымына қатысты ойын білдірді;
  • Жасұлан Әмірдің болашағына баға берді.

«Қазақстанда бәрі бір-біріне бауыр»

– Тидиан, «Ордабасыға» қош келдіңіз. Жаңа елге бейімделіп үлгердіңіз бе және мұнда сізді не таңғалдырды?

– Рақмет, бейімделу үрдісі өте жақсы өтті. Санаулы күннің ішінде клубтағы адамдар өз үйімде жүргендей әсер сыйлады. Спорттық жағына келетін болсақ, бапкерлер штабы маған мүмкіндігінше тезірек бабыма келуіме көмектесіп жатыр.
Әзірге ең жарқын естелік – әуежайда жанкүйерлердің күтіп алғаны. Мені бұған дейін еш жерде бұлай қарсы алмаған еді, сондықтан бәріне алғысымды білдіремін. Мұндай ықылас «Ордабасының» қаншалықты үлкен клуб екенін көрсетеді.
Күнделікті өмірде адамдар өте қонақжай әрі мейірімді. Маған сіздердің мәдениеттеріңіз қатты ұнайды: амандасу, танысу және бір-біріне бауырдай қарау.

– «Тулуза» түлегі ретінде өз қатарластарыңызды «қарғыс атқандай» сезінетініңізді айтқан едіңіз. Негізгі құрамға өтуіңізге не кедергі болды деп ойлайсыз?

– Жағдайды дұрыс бағалау мен суыққандылық жетіспеді. Алаңда қайсарлық танытып, алға ұмтылу керек сәттерде мен тым баяу болдым. Маған жиі: «Тидиан, сен тым мейірімдісің», – дейтін. Дегенмен, ұмытылмас сәттерді бастан өткерген туған клубымды әрдайым жақсылықпен еске аламын.

Факт: Ол жылдары Францияның оңтүстігінде ойнайтын клубта Мусса Сиссоко, Этьен Капу және Франк Табану болды. Кейін үшеуі де АПЛ клубтарымен келісімшартқа отырды.

Ауыр басталған жол

– Бес жыл ішінде сіз әуесқой деңгейдегі «Альби» клубынан Лига 2-ге дейінгі жолды жүріп өттіңіз. Мансабыңызда қандай қиындықтар болды және бұл кезең сізді неге үйретті?

– Жаратқанға шүкір, бұл кезең менің тұлға ретінде қалыптасуым үшін өте қажет болды. Академияда бізді ханзадалардай мәпеледі, ал кейін өмірдің ащы шындығымен бетпе-бет келуге тура келді.
Ең үлкен қиындық – жол жүру еді. Менің Division d’Honneur-дағы (аймақтық лига – ред. ескертпесі) алғашқы клубым үйімнен бір жарым сағаттық жерде орналасты. Түн ортасында үйге оралып, таңғы 6:30-да университетке баратынмын.
Осылайша, футболды кәдімгі жұмыспен қатар алып жүрген және жаттығуға әрең жететін ересек ер адамдардың ортасына тап болдым. Бірақ алаңдар жаман емес еді – тек қыста кей жерлерде көгалдар қатты тозатын.
Сол уақытта маған дұрыс бағыт-бағдар сілтеп, футболдан сауатымды ашқан адамды жолықтырдым, сондықтан бұл кезеңді кәсіби спортқа жол ашқан шешуші сәт деп атар едім. Қуанышқа орай, ол әлі күнге дейін маған қолдау көрсетіп, мансабыма септігін тигізіп келеді.

«Жасұлан – шегі жоқ вундеркинд»

– «Дюнкеркте» сіздің командаласыңыз қазіргі әлем чемпионатының басты жаңалығы болған мароккалық Жессим Яссин еді. Ол алғашқы күннен-ақ ерекшеленді ме және «Ордабасы» жастарынан осындай талантты жанды көрдіңіз бе?

– Жесс – нағыз тума талант. Аяқпен керемет жұмыс істейтін және өте епті, тамаша дриблер. «Дюнкерктегі» екінші жаттығудан кейін-ақ: «Бұл жігіттің бойында бір ерекшелік бар», – дегенім есімде. Қызығы сол, мұнда Әмірді көргенде де тура осындай ойға келдім.
Жасұлан – физикалық тұрғыдан жақсы жетілген, қазірдің өзінде нәтижелі ойнап жүрген футболшы. Бірақ Яссин екеуін жауынгерлік мінез бен қарапайымдылық біріктіреді. Осындай қасиеттердің арқасында сыртқы факторларға алаңдамай, үнемі прогресс жасауға болады.
Шынымды айтсам, олардың әлеуетінің шегі қандай екенін де білмеймін. Меніңше, оның шегі жоқ сияқты.

Факт: Екі жыл ішінде марокколық вингер шеткері аймақтағы «Мариньян» клубының жасөспірімдер командасынан «Страсбурға» дейін көтерілді. 20 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы әлем чемпионының трансферлік құны 12 миллион еуроға бағаланып отыр.

– БАҚ-та сіздің түп-тамырыңыз Мали мемлекетімен байланысты деп жазады, бірақ Transfermarkt-та екінші ел ретінде Гвинея көрсетілген.

– Менің ата-анам Малиде дүниеге келген, бірақ нағашы әжем – Гвинеядан.

– Осы елдердің намысын ұлттық құрама деңгейінде қорғауға мүмкіндік болды ма?

– «Дюнкеркте» ойнап жүргенімде Гвинея футбол федерациясы маған хабарласты. Құрамаға шақырту алуға жақын болдым, бірақ кенеттен бас бапкер ауысып кетті де, іс нәтижесіз аяқталды. Бірақ Африка менің жүрегімде ерекше орын алады. Онда әлі күнге дейін көптеген туыстарым тұрады, бұрын оларға жыл сайын барып тұратынмын.

– Сіздің мансабыңыз прогресс мен регресске толы, оңай болған жоқ, қазір де үйіңізден жырақта жүрсіз. Сізді алға жетелейтін не нәрсе?

– Иман. Ислам – ішкі тепе-теңдікті сақтауға, жолымды ризашылықпен және сеніммен жалғастыруға көмектесетін басты тірегім. Мен ешқашан ештеңеге өкінген емеспін және кез келген сынақты сабырмен қабылдадым. Алла Тағала әр күн сайын менімен бірге. Сондықтан бүгін осында болу мен үшін ауыр жүк емес, нағыз бақ.

Үлкен бапкерлермен салыстырғанда Мартин кім?

– Сіз Дан Петреску, Адриан Муту, Мехмет Топал сияқты танымал бапкерлердің қол астында ойнадыңыз... Олардың әдіс-тәсілдері несімен ерекшеленеді және Андрей Мартин туралы не ойлайсыз?

– Өкінішке орай, Петрескумен ұзақ жұмыс істей алмадым. Ал Топал – маған сенім артып, Франциядан алдыртқан маман. Ол өз командасына жан-тәнімен берілген нағыз көшбасшы ретінде есімде қалды. Мартинге келетін болсақ, ол өте мұқият әрі ұқыпты адам.
Біздің бапкер әр ойыншыға қамқорлықпен қарайды. Тактикалық тұрғыдан өте сауатты, әрбір ұсақ-түйекке үлкен мән береді. Осының арқасында біз қателерімізді түзеп, дамып келеміз.

– Бұған дейін сіздің жолыңыз ҚПЛ-да ойнаған Фабьен Урега және Франьо Прцемен түйісті. Шымкенттік клубпен келісімшартқа отырмас бұрын олармен ақылдастыңыз ба?

– «Орлеан» мен «Петролулде» жігіттермен жиі араласа қоймадық. Дегенмен, Фабьеннің «Астанадағы» ойынын бақылап жүрдім, содан қазақстандық футбол туралы түсінік қалыптасты. Нені күту керектігін білдім.
Ал соңғы шешімді қабылдауға жоғарыда айтып өткен өкілім (агентім) әсер етті. Ол маған «Ордабасы» жобасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

– Сіздің тағы бір бұрынғы командаласыңыз – «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Амин Талал.

– Талал – ғажайып талант иесі. Францияда бірге ойнаған кезде ол мені шабыттандырып, барымды салуға мәжбүрлейтін. Сондықтан Аминнің кейінгі жетістіктері таңғалдырмайды. Қазір ол Қостанайда маңызды рөл атқарады.

Өсіп келе жатқан ұрпаққа кеңес

– Жастық шақтағы ең үлкен қателіктеріңіздің бірі – агентсіз жұмыс істегеніңізді айтқан едіңіз. Қазақстандық жас футболшыларды тағы неден сақтандырар едіңіз? Біз біреу Еуропаға бару мүмкіндігін уысынан шығарып ала ма деп алаңдаймыз.

– Біз дәл осы тақырыпты бірнеше күн бұрын талқылаған болатынбыз. Бұл ішкі қорқыныш па, әлде жайлы аймақта (зона комфорта) қалуға деген құштарлық па, білмеймін, бірақ жігіттер психологиялық кедергілерден арылуы керек.
Ойыннан бөлек, кем дегенде базалық деңгейде ағылшын тілін меңгеру маңызды. Меніңше, селекционерлер бұл факторға үлкен мән береді – тіл білу бейімделуге тікелей әсер етеді. Сәтпаев жаңа буын таланттарына жол ашады деп үміттенемін.

– ҚПЛ-дағы ареналар жиі сынға ұшырайды. Чемпионаттағы алаңдардың жағдайы мен ойын қарқыны туралы не ойлайсыз?

– Әзірге мені ең қатты таңғалдыратыны – алаңдардың үнемі алмасуы: бір турда жасанды төсеніште ойнасаң, келесі турда табиғи газонда өнер көрсетесің. Бұл – бағаламауға болмайтын маңызды нәрсе, өйткені ағза кез келген жағдайға дайын болуы тиіс.
Бүгінгі таңда мен тек «Ұлытаудың» базасын ғана көрдім, сондықтан нақты қорытынды жасау қиын. Ал біздегі жағдай шынымен де өте тамаша – мұны нық сеніммен айта аламын.

– Өзіңіздің футболшы және адам ретіндегі арманыңыз туралы айтып берсеңіз.

– Футболшы ретінде осы клубтың алға қойған мақсаттарына жетуіне көмектескім келеді. «Ордабасының» амбициясы жоғары басшылары, болашағынан зор үміт күттіретін командасы және мықты бапкерлер штабы бар, сондықтан бәрі өз қолымызда екеніне сенімдімін. Әр іс Алланың қалауымен болады.

Ал жалпы адам ретінде денсаулықта ешқандай кінәрат болмай, бақытты өмір сүруді армандаймын. Қазақстанды жақынырақ танып-білу қызық болып тұр. Сондай-ақ өз ісіме толық беріліп, жан-зақты дамығым келеді.

Тағы да оқыңыз

Кеше, 22:15

«Фулхэмнің» бұрынғы шабуылшысы – Сәтпаевқа: Британиялық журналистерден аулақ бол

Кеше, 18:35

«Бенфиканы» алтынға жеткізген инженер. Роджер Шмидт – Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне үміткер

Кеше, 16:11

«Паневежистің» экс-ойыншысы «Тобылға» қарсы матч туралы: қостанайлықтар – фаворит

Кеше, 12:36

Франция—Испания: тең дәрежелі ойын күтеміз

Кеше, 10:13

«Ахматтың» экс-капитаны: Самородов үлкен клубқа ауысуы мүмкін

13.07 16:46

«Қателікті мойындаймыз, мықтырақ болып ораламыз»: Соса – «Астанамен» өткен ойын туралы

Басты жаңалықтар

Басқа жаңалықтар   14 шілде, 22:15

«Фулхэмнің» бұрынғы шабуылшысы – Сәтпаевқа: Британиялық журналистерден аулақ бол

1
Ұлттық құрама   14 шілде, 18:35

«Бенфиканы» алтынға жеткізген инженер. Роджер Шмидт – Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне үміткер

2
Еурокубоктар   14 шілде, 16:11

«Паневежистің» экс-ойыншысы «Тобылға» қарсы матч туралы: қостанайлықтар – фаворит

3
Ұлттық құрама   14 шілде, 10:13

«Ахматтың» экс-капитаны: Самородов үлкен клубқа ауысуы мүмкін

4
ҚПЛ   13 шілде, 19:23

«Қазақтар Еуропаға ұмтылуы керек»: Кейта – «Ордабасыға» ауысуы, Лига 1 және Әмір туралы

5
ҚПЛ   13 шілде, 16:46

«Қателікті мойындаймыз, мықтырақ болып ораламыз»: Соса – «Астанамен» өткен ойын туралы

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан. Премьер-лига
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Ордабасы Ордабасы
17
12
4
1
18
40
2
Қайрат Қайрат
18
11
6
1
22
39
3
Астана Астана
17
8
5
4
6
29
4
Оқжетпес Оқжетпес
17
7
6
4
-2
27
5
Елімай Елімай
16
7
5
4
5
26
6
Ұлытау Ұлытау
17
7
5
5
-1
26
7
Ақтөбе Ақтөбе
17
7
4
6
4
25
8
Жеңіс Жеңіс
17
5
6
6
-5
21
9
Атырау Атырау
16
3
9
4
-1
18
10
Жетісу Жетісу
17
4
6
7
-4
18
11
Тобыл Тобыл
17
5
3
9
-6
18
12
Қайсар Қайсар
18
3
9
6
-7
18
13
Каспий Каспий
17
5
2
10
-7
17
14
Алтай Алтай
17
3
7
7
-6
16
15
Қызылжар Қызылжар
17
4
3
10
-8
15
16
Ертіс Ертіс
17
1
8
8
-8
11
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Арсенал Арсенал
38
26
7
5
44
85
2
Манчестер Сити Манчестер Сити
38
23
9
6
42
78
3
Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед
38
20
11
7
19
71
4
Астон Вилла Астон Вилла
38
19
8
11
7
65
5
Ливерпуль Ливерпуль
38
17
9
12
10
60
6
Борнмут Борнмут
38
13
18
7
4
57
7
Сандерленд Сандерленд
38
14
12
12
-6
54
8
Брайтон Брайтон
38
14
11
13
6
53
9
Брентфорд Брентфорд
38
14
11
13
3
53
10
Челси Челси
38
14
10
14
6
52
11
Фулхэм Фулхэм
38
15
7
16
-4
52
12
Ньюкасл Юнайтед Ньюкасл Юнайтед
38
14
7
17
-2
49
13
Эвертон Эвертон
38
13
10
15
-3
49
14
Лидс Лидс
38
11
14
13
-7
47
15
Кристал Пэлас Кристал Пэлас
38
11
12
15
-10
45
16
Ноттингем Форест Ноттингем Форест
38
11
11
16
-3
44
17
Тоттенхэм Тоттенхэм
38
10
11
17
-9
41
18
Вест Хэм Вест Хэм
38
10
9
19
-19
39
19
Бёрнли Бёрнли
38
4
10
24
-37
22
20
Вулверхэмптон Вулверхэмптон
38
3
11
24
-41
20
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Барселона Барселона
38
31
1
6
59
94
2
Реал Мадрид Реал Мадрид
38
27
5
6
42
86
3
Вильярреал Вильярреал
38
22
6
10
26
72
4
Атлетико Мадрид Атлетико Мадрид
38
21
6
11
18
69
5
Бетис Бетис
38
15
15
8
11
60
6
Сельта Сельта
38
14
12
12
5
54
7
Хетафе Хетафе
38
15
6
17
-6
51
8
Райо Вальекано Райо Вальекано
38
12
14
12
-3
50
9
Валенсия Валенсия
38
13
10
15
-9
49
10
Реал Сосьедад Реал Сосьедад
38
11
13
14
-2
46
11
Эспаньол Эспаньол
38
12
10
16
-12
46
12
Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао
38
13
6
19
-15
45
13
Севилья Севилья
38
12
7
19
-14
43
14
Алавес Алавес
38
11
10
17
-12
43
15
Эльче Эльче
38
10
13
15
-8
43
16
Леванте Леванте
38
11
9
18
-14
42
17
Осасуна Осасуна
38
11
9
18
-6
42
18
Мальорка Мальорка
38
11
9
18
-10
42
19
Жирона Жирона
38
9
14
15
-16
41
20
Реал Овьедо Реал Овьедо
38
6
11
21
-34
29
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Бавария Бавария
34
28
5
1
86
89
2
Боруссия Дортмунд Боруссия Дортмунд
34
22
7
5
36
73
3
РБ Лейпциг РБ Лейпциг
34
20
5
9
19
65
4
Штутгарт Штутгарт
34
18
8
8
22
62
5
Хоффенхайм Хоффенхайм
34
18
7
9
13
61
6
Байер 04 Байер 04
34
17
8
9
21
59
7
Фрайбург Фрайбург
34
13
8
13
-6
47
8
Айнтрахт Франкфурт Айнтрахт Франкфурт
34
11
11
12
-4
44
9
Аугсбург Аугсбург
34
12
7
15
-16
43
10
Майнц Майнц
34
10
10
14
-9
40
11
Унион Берлин Унион Берлин
34
10
9
15
-14
39
12
Боруссия М Боруссия М
34
9
11
14
-11
38
13
Гамбург Гамбург
34
9
11
14
-14
38
14
Кёльн Кёльн
34
7
11
16
-14
32
15
Вердер Вердер
34
8
8
18
-23
32
16
Вольфсбург Вольфсбург
34
7
8
19
-24
29
17
Хейденхайм Хейденхайм
34
6
8
20
-31
26
18
Санкт-Паули Санкт-Паули
34
6
8
20
-31
26
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Интер Милан Интер Милан
38
27
6
5
54
87
2
Наполи Наполи
38
23
7
8
22
76
3
Рома Рома
38
23
4
11
28
73
4
Комо Комо
38
20
11
7
36
71
5
Милан Милан
38
20
10
8
18
70
6
Ювентус Ювентус
38
19
12
7
27
69
7
Аталанта Аталанта
38
15
14
9
15
59
8
Болонья Болонья
38
16
8
14
3
56
9
Лацио Лацио
38
14
12
12
1
54
10
Удинезе Удинезе
38
14
8
16
-3
50
11
Сассуоло Сассуоло
38
14
7
17
-4
49
12
Торино Торино
38
12
9
17
-19
45
13
Парма Парма
38
11
12
15
-18
45
14
Кальяри Кальяри
38
11
10
17
-13
43
15
Фиорентина Фиорентина
38
9
15
14
-9
42
16
Дженоа Дженоа
38
10
11
17
-10
41
17
Лечче Лечче
38
10
8
20
-22
38
18
Кремонезе Кремонезе
38
8
10
20
-25
34
19
Верона Верона
38
3
12
23
-36
21
20
Пиза Пиза
38
2
12
24
-45
18
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
ПСЖ ПСЖ
34
24
4
6
45
76
2
Ланс Ланс
34
22
4
8
31
70
3
Лилль Лилль
34
18
7
9
15
61
4
Лион Лион
34
18
6
10
13
60
5
Марсель Марсель
34
18
5
11
18
59
6
Ренн Ренн
34
17
8
9
9
59
7
Монако Монако
34
16
6
12
6
54
8
Страсбур Страсбур
34
15
8
11
11
53
9
Тулуза Тулуза
34
12
9
13
1
45
10
Лорьян Лорьян
34
11
12
11
-3
45
11
Париж Париж
34
11
11
12
-3
44
12
Брест Брест
34
10
9
15
-12
39
13
Анже Анже
34
9
9
16
-19
36
14
Гавр Гавр
34
7
14
13
-12
35
15
Осер Осер
34
8
10
16
-10
34
16
Ницца Ницца
34
7
11
16
-23
32
17
Нант Нант
34
5
9
20
-23
24
18
Метц Метц
34
3
8
23
-44
17