Матч орталығы
«Каспий» легионері жеңісті серия туралы: өзімізге сенімдірек бола түстік
7 шілде, 18:44

Фото: Андре Амарал
«Каспийдің» португалиялық қорғаушысы Андре Амарал ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында команданың соңғы табыстарын бағалады.
«Ең алдымен, біз маңызды жеңіске қол жеткіздік. Бұл жерде екі апта бойы атқарған қажырлы еңбегіміз шешуші рөл атқарды. Алаңда өзімізге деген сенімділіктің артып келе жатқанын және бір-бірімізді жақсырақ түсіне бастағанымызды сезінемін. Бұл айқын байқалады. Дегенмен «Каспийдің» әлі де болса жетілдіретін тұстары көп», – деді 26 жастағы футболшы.
Еске сала кетейік, «Каспий» ҚПЛ-дың қатарынан екі турында «Атыраудан» басым түсті (2:0, 2:1). Бүгінгі таңда ақтаулық команда турнирлік кестенің 14-сатысында орналасқан.
Андре Амарал ағымдағы маусымда 14 ойынға қатысып, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Басты жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол