Матч орталығы
Латурнусқа Бундеслига клубы қызығушылық танытуда: «Ақтөбе» қомақты қаражат табуы мүмкін
6 шілде, 19:13

Фото: Виталий Латурнус
«Ақтөбе» клубының 17 жастағы шабуылшысы Виталий Латурнус менхенгладбахтық «Боруссияның» назарына ілікті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Дебюттік маусымындағы нәтижелі ойынының арқасында «ақ-қызылдардың» түлегі Еуропа клубтарының назарын аударды. Форвардтың дамуын бақылап отырған «Кристал Пэластан» бөлек, бұл тізімге менхенгладбахтық «Боруссия» да қосылды.
Мәліметтерді жинаумен және талдаумен скаут Маркус Хайн айналысуда. Айта кетейік, ол 2025 жылы Азамат Тұяқбаевтың ойынын да жеке бақылаған болатын.
Виталий Латурнустың «Ақтөбемен» жаңа келісімшарт жасасуға жақын екенін атап өткен жөн. Осылайша, чемпионатта алтыншы орында тұрған ақтөбелік клуб трансферден жақсы табыс таба алады. Дегенмен, жас футболшының әкесі үшін басты басымдық – ұлының Қазақстанда тағы бір-екі жыл қалып, тәжірибе жинағаны болып отыр.
Ағымдағы маусымда шабуылшы ҚПЛ-дың 12 матчында төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Әлишер Аманжол