Матч орталығы
«Портудың» экс-футболшысы: үш клубқа Латурнусты бақылауды ұсындым
21 маусым, 09:45

Фото: Виталиц Латурнус
«Ақтөбенің» бұрынғы скауты Шаинью ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 17 жастағы Виталий Латурнустың қызметін «Порту» клубына ұсынғанын айтты.
«Алғашқы күні-ақ Латурнустың ерекше екенін түсіндім. Оған «Ақтөбеде» мүмкіндік алу өте маңызды болғаны сөзсіз. Уақыт көрсеткендей, басшылық өз түлегіне сенім артып, дұрыс шешім қабылдады. Ол – жаңа нәрселерді үйренуге құштарлығы зор, қарапайым әрі еңбекқор жігіт.
Әрине, ҚПЛ деңгейі өсіп келеді, сапалы ойыншылардың шығып жатқанын байқауға болады. Бірақ мен Виталийдің кандидатурасын үш клубқа ұсынуды жөн көрдім. «Порту» – солардың бірі», – деді 51 жастағы маман.
Есеесала кетейік, «Порту» мен «Панатинаикостың» экс-футболшысы Шаинью биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында «Ақтөбеде» жұмыс істеген болатын. Скаутты «ақ-қызылдардың» бұрынғы басқарма төрағасы Арман Оспанов шақырған еді.
Осы маусымда Виталий Латурнус барлық жарыстарда 14 матчқа қатысты. Жас шабуылшының еншісінде төрт гол мен екі нәтижелі пас бар.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
2Еурокубоктар 11 қыркүйек, 15:22
Өзбекстандық Умарали Рахмоналиев МЮ-ден жеңілуі мен ЧЛ дебюті туралы пікір білдірді
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлишер Аманжол