Матч орталығы
«Жеңістің» экс-бапкері грузиялық клубты тізгіндеді: ол ҚПЛ-ға қайта оралуы мүмкін еді
19 маусым, 09:15

Фото: Андрей Демченко
Былтыр елордалық «Жеңісті» жаттықтырған Андрей Демченко грузиялық «Иберия 1999» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Украиналық маман Грузияға қайта оралды. Ол бұған дейін «Дила» және «Динамо Батуми» клубтарын жаттықтырған. Енді оның жаңа командасы Чемпиондар лигасының жолдамасы үшін таласады. Бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы – Эстонияның «Флора» клубы.
Андрей Демченко Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралуы да мүмкін еді. Соңғы айларда оған «Қайсар», «Ертіс» және «Тобыл» клубтары қызығушылық танытқан болатын.
2025 жылы 49 жастағы маман «Жеңіс» тізгінінде 17 матч өткізіп, 8-де жеңіске жетті. Елордалық клуб сол маусымда «Елімай» (2:1), «Ақтөбе» (2:0) және «Астана» (3:2) секілді азулы қарсыластарын ұтты.
Әлишер Аманжол