Матч орталығы
«Атырау» қаһарманы «Қайратқа» соққан голы туралы: клуб тәрбиеленушісі болғандықтан, голды тойламадым
14 маусым, 21:01

Фото: Айбар Абдулла
«Атырау» шабуылшысы Айбар Абдулла ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-дың 13-турында «Қайратқа» қарсы өткен матчта (1:1) неліктен соққан голын тойлаудан бас тартқанын түсіндірді.
«Голды тойлаудан саналы түрде бас тарттым, өйткені мен «Қайрат» клубының тәрбиеленушісімін. Маған бұл ұжымның тек академиясында ғана емес, негізгі командасында да ойнау бақыты бұйырды. Ал Рафаэль Радикович (Уразбахтин) мені тіпті жасөспірім шағымда жаттықтырған болатын. Осылайша, бүкіл клубқа деген құрметімді білдіруді жөн көрдім.
Ал соққан голыма келетін болсақ, жай ғана прессингке жүгірдім. Ішкі түйсігім соңына дейін бару керектігін сыбырлағандай болды, бұл сезім өз жемісін берді», – деді 24 жастағы форвард.
Айбар Абдулланың голының арқасында «мұнайшылар» сырт алаңнан бір ұпай олжалады. Осылайша, «Қайрат» қатарынан үш матч бойы жеңіске жете алмай, турнирлік кестеде екінші орында қалып қойды.
Бұған дейін қазақстандық шабуылшы «Шахтер», «Ақтөбе» және «Тұран» клубтарында да өнер көрсеткен. Оның еншісінде ҚПЛ-да өткізген 55 матчта үш гол және үш ассист бар.
Басты жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол