Матч орталығы
«Сапа жетіспейді»: Таркович «Жеңістен» жеңілген ойын мен Нанидің бабы туралы
19 сәуір, 20:58

Фото: Штефан Таркович
«Ақтөбе» бас бапкері Штефан Таркович ҚПЛ-дың алтыншы турында елордалық «Жеңістен» сырт алаңда жеңіліп қалған матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Бұл жағдайды егжей-тегжейлі талдау үшін менің мұнда келгеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Әрине, бізде ойыншыларды алмастыру (ротация) мүмкіндігі болды және үзіліс кезінде жүйені өзгерттік. Схеманы ауыстырдық, ойын жақсара түсті, бірақ шабуылды аяқтар тұста сапа жетіспей жатыр. Қайта құрылып, бейімделу үшін күн сайын аянбай еңбек етіп жатырмыз. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы мақсатымызға жететінімізге 100% сенімдімін.
Жағымды тұсы – бізді әрдайым қолдап жүретін жанкүйерлеріміз, олардың риясыз берілгендігін мақтан тұтамын. Сондай-ақ Нанидің топ-ойыншы екенін түсінуіміз керек. Ол бұған дейін мансабын аяқтап, ұзақ уақыт ойнамады. Қазір ол келіп, жоғары деңгейге оралу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Егер Нанидің денсаулығы жақсы болып, бабына енсе және іске толық берілсе, оның топ-деңгей көрсететініне 100% сенімдімін», – деп атап өтті словакиялық маман.
Еске салайық, ҚПЛ-дың алтыншы туры аясындағы «Жеңіс» пен «Ақтөбе» арасындағы матч «Астана Арена» стадионында өтіп, елордалық клубтың 1:0 есебімен жеңіске жетуімен аяқталды. Ойын тағдырын 10-минутта Сағадат Тұрсынбай соққан жылдам гол шешті. Осы жеңілістен кейін «Ақтөбе» еншісінде жеті ұпай қалды, ал «Жеңіс» алты ұпай жинады.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
2Еурокубоктар 11 қыркүйек, 15:22
Өзбекстандық Умарали Рахмоналиев МЮ-ден жеңілуі мен ЧЛ дебюті туралы пікір білдірді
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Бекзат Сахиб