Матч орталығы
«Мұндай нұсқа бар»: «Шахтердың» экс-капитаны Еуропаға кетуі мүмкін
5 сәуір, 16:32

Фото: Тимур Рудосельский
«Шахтер» және Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше клубында ойнаған қорғаушы Тимур Рудосельский ASnews.kz сайтына берген сұхбатында чехиялық «Варнсдорф» клубына ауысуы туралы тараған ақпаратқа тоқталды.
«Мені «Варнсдорфқа» ауысты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазір визам да дайын емес. Бірақ бұл қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі. Сонымен қатар, жақын елдерден және КПЛ клубтарынан да ұсыныстар бар», – деді футболшы.
Бұрын команда капитаны болған Тимур Рудосельский маусым басталар алдында қарағандылық клубтан кеткен еді. Ол әр жылдары «Қайрат», «Ақтөбе», Израильдің «Хапоэль» және Арменияның «Алашкерт» клубтарында өнер көрсеткен.
Айта кетейік, «Варнсдорф» Чехияның үшінші дивизионында ойнайды. 21 турдан кейін команда турнирлік кестеде соңғы орында тұр.
Басты жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол