Матч орталығы
Екі жылдан бері гол соқпаған ҚПЛ шабуылшысы: РПЛ-ды армандаймын – Ла Лиганың қажеті жоқ
30 наурыз, 10:34

Фото: Вячеслав Швырев
«Ертіс» шабуылшысы Вячеслав Швырев РПЛ-ға ауысу үшін Ла Лига клубынан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Әр футболшы АПЛ мен Ла Лиганы армандай бермейді. Мен РПЛ-да ойнағым келеді. Мүмкіндік болса, Испанияның орташа клубына бармас едім – Ресейдің топ-клубы жақсырақ. Екі жылға жуық уақыт голсыз қалғаным ба? Мұның бәрі өткен маусымның қиын болғанынан. «Ордабасыдағы» жарты жыл – үлкен қателік болды», – деді ойыншы «СAMERAMAN» подкастында.
Айта кетейік, 25 жастағы шабуылшы Вячеслав Швырев соңғы рет 2024 жылдың шілдесінде гол соққан. Премьер-лиганың 15-турында қазақстандық футболшы «Қайрат» сапында ойнап жүріп, «Шахтер» қақпасын дәл көздеген болатын (0:3).
Ал «Ордабасы» мен «Ақтөбе» сапында өткізген 17 матчта ол бірде-бір рет нәтижелі пас авторы атанған жоқ.
Бұған дейін Швырев шымкенттік клубқа көшу қателік екендігін мойындаған.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 10:43
«Мәселе деңгейде емес, қысымда»: Йонсен Чесноковтың Шотландияда неліктен тұрақтай алмағанын түсіндірді
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол