Матч орталығы
Швырев: «Ордабасыға» ауысқаныма өкінемін – тіпті ойнаған да жоқпын
30 наурыз, 08:24

Фото: Вячеслав Швырев
«Ертіс» шабуылшысы Вячеслав Швырев 2025 жылы «Ордабасыға» ауысқанына өкінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Шымкентте ұпай жоғалттық. 92-минутта өте даулы пенальти белгіленді. Бұрынғы командама қарсы ойнау қандай сезім сыйлағанына келсек, мен бұған мән бермедім. Мұңайатын түгі де жоқ – мен «Ордабасыда» тіпті ойнаған да жоқпын. Жалпы, бұл ауысымды қателік деп санаймын. Шымкентке болған сапарға аса салқынқандылықпен қарадым», – деп мойындады 25 жастағы футболшы «СAMERAMAN» подкастында.
Дегенмен Швырев «Ақтөбедегі» кезеңін жылы лебізбен еске алды:
«Кейде желідегі жанкүйерлердің сынын қабылдау ауыр тиетін, бірақ мән бермеуге тырыстым. Оған қарсы істейтін амалым жоқ – алаңға шығып, бәрін іспен дәлелдеу керек. Десе де, «Ақтөбеде» жарты жыл ойнағаныма қуаныштымын. Фан-секторға әлі күнге дейін тәнтімін», – деп қосты ол.
«Ордабасы» мен «Ақтөбе» сапында өткізген 17 матчта Вячеслав Швырев бірде-бір нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Қаңтар айында Қазақстан жастар құрамасының экс-шабуылшысы қазіргі таңда чемпионатта сегізінші орында тұрған «Ертіспен» келісімшартқа отырды.
Басты жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол