Матч орталығы

Футбол
ТүркияСуперлига
БешикташБешикташ
2:0Аяқталды
БашакшехирБашакшехир
Хоккей
РесейКХЛ
ДинамоДинамо
2:3Қос. уақытта
АвангардАвангард
Футбол
КипрСИТА лигасы
АЕКАЕК
2:0Аяқталды
ОмонияОмония
Футбол
БолгарияБірінші лига
ЦСКА СофияЦСКА София
2:0Аяқталды
ЛудогорецЛудогорец
Футбол
АзияАФК Чемпиондар лигасы
Аль-НасрАль-Наср
23:1526.10
Аль ВаслАль Васл
Футбол
АзияАФК Чемпиондар лигасы
Аль-КадисияАль-Кадисия
1:1Аяқталды
Аль-СаддАль-Садд
Футбол
ТүркияСуперлига
ГалатасарайГалатасарай
2:1Аяқталды
ФенербахчеФенербахче
Теннис
ЧелленджерЧелленджер Брест
Маттео МартиноМаттео Мартино
0:2Аяқталды
Отто ВиртаненОтто Виртанен
Футбол
ПортугалияПримейра-лига
Санта-КлараСанта-Клара
1:2Аяқталды
БенфикаБенфика
Футбол
ФранцияЛига 1
ПСЖПСЖ
2:0Аяқталды
ЛионЛион
Футбол
ИспанияЛа Лига
СевильяСевилья
2:0Аяқталды
ОсасунаОсасуна
Теннис
WTAТокио женщины
Юлия ПутинцеваЮлия Путинцева
07:40Бүгін
Мария СаккариМария Саккари
Теннис
ЧелленджерЧелленджер Сеул
Бейбіт ЖұқаевБейбіт Жұқаев
10:30Бүгін
Чак Лам Колман ВонгЧак Лам Колман Вонг
Теннис
ЧелленджерЧелленджер Сеул
Стефанос СакелларидисСтефанос Сакелларидис
10:30Бүгін
Тимофей СкатовТимофей Скатов
Футбол
УкраинаУкраина кубогы
ШахтерШахтер
21:00Бүгін
Динамо КиевДинамо Киев
Футбол
ГерманияГермания кубогы
ГамбургГамбург
22:00Бүгін
АйнтрахтАйнтрахт
Футбол
ГерманияГермания кубогы
Рот ВайссРот Вайсс
22:00Бүгін
ЛейпцигЛейпциг
Футбол
ИталияА сериясы
СассуолоСассуоло
22:30Бүгін
ЛациоЛацио
Футбол
ИспанияИспания кубогы
КуартеКуарте
22:30Бүгін
ЖиронаЖирона
Футбол
ИспанияИспания кубогы
Pinatar CFPinatar CF
23:00Бүгін
ЭльчеЭльче

Осимхеннен бұрын рекорд жаңартып, жаттығуда жылаған: «Қайсардың» жаңа ойыншысы несімен ерекше?

26 наурыз, 08:25

Осимхеннен бұрын рекорд жаңартып, жаттығуда жылаған: «Қайсардың» жаңа ойыншысы несімен ерекше?

Фото: Имо Эзекиль

Виктор Мозестен кейін «Қайсар» тағы бір тәжірибелі нигериялықты қатарына қосты. Имо Эзекиль Еуропа лигасында «Тоттенхэмге» гол соғып, Миши Батшуайимен бірге Бельгия чемпионатын шулатқан, алайда оның мансабында бұдан да қызық деректер жетерлік.

ASnews.kz авторы «қасқырлардың» жаңа шабуылшысы неге үнемі шытырман оқиғаларға тап болатынын түсіндіріп берді.

СҚО-да қиынға соғады – ол аязды көтере алмайды

32 жастағы шабуылшының өмірбаяны 2012 жылы «Брюггеге» ауысқанда мүлдем басқаша өрбіп кетуі мүмкін еді. Сол кезде «36 арыстан» (36 Lion) академиясының түлегі Чемпиондар лигасында «Қайраттың» болашақ қарсыластарына өзінің мықтылығын дәлелдеуге тырысты:

«Қаңтар айында мен «Брюггеде» бір апталық қаралымда болдым. Ауа райы өте суық, үнемі қар жауып тұрды. Мұндай жағдайда маған өз деңгейімді көрсетуге еш мүмкіндік болған жоқ», – деп ақталды кейінірек «Стандардпен» келісімшартқа отырған Эзекиль.

Көмекшісі оқиғаның мән-жайын ашып берді. Белгілі болғандай, жаттығудан кейін африкалық футболшының аяғы қатты тоңып қалғаны соншалық, «тым ыстық суға» салып жылытпақшы болған. Нәтижесінде – күйік шалып, екі апта бойы футболсыз қалды. Ал Бельгия БАҚ-тарында тіпті «Үсіген табандар Имоның тағдырын шешті» деген мақала жарық көрді.

Жанкештілік

Сәуір айында «Генкке» қарсы ойында Батшуайи эмоцияға ерік беріп, қорғаушы Йерун Симайсты кеудесінен басып кетті. «Стандард» плей-оффта аз адаммен ойнап жеңіліп қалды (2:3), ал келешегінен зор үміт күттіретін бельгиялық шабуылшы төрт матчқа шеттетіліп, 300 еуро айыппұл арқалады. Осылайша Эзекиль үшін жұлдызды сәт туды.

Келесі турда жылдам футболшы Льеж клубына «Кортрейкті» жеңуге нәтижелі паспен көмектесті (2:0), ал тағы бір аптадан кейін дәл сол «Генкпен» ойында 1+1 нәтижесін көрсетті (2:3). Чемпиондық топта команда еурокубоктарға қатысу мүмкіндігінен айырылып, тек бесінші орынға табан тіреді. Есесіне, келесі маусымға мықты шабуыл өтін жасақтап алды.

Күзге қарай ыстық ваннаны жақсы көретін Имо шын мәнінде жасындай жарқырады: Иван Перишич пен Вангелис Павлидистің жұлдызын жаққан Адри Костердің «Шарлеруа», «Мехелен» және «Беерсхот» командаларын тас-талқан етті. «Челси» сапында АПЛ чемпионы атанған ойыншымен бірге Эзекиль қатарынан алты матчта гол соғып, сұрмергендік серия орнатты. Оның үстіне, бойының қысқалығына (178 см) қарамастан, баспен жиі гол соғатын.

Нәзік шабуылшы

Бельгияда «Стандардтың» жас көшбасшысын жергілікті клубтарда 102 гол соққан конголық Дьёмерси Мбоканидің ізбасары деп атады. Ол рекордтар орнатып, мақтауға ие болды: 2013 жылдың жазында төрешінің ысқырығынан кейін небәрі 10,8 секунд ішінде қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Бұл гол 10 жыл бойы лигадағы ең жылдам гол болып қала берді – тарихты Виктор Осимхен (8,15 сек.) жаңартқанша.

Бір қарағанда, Эзекиль жергілікті стильге үйреніп, өзін сенімді сезінуі керек еді. Алайда кейде шабуылшы жаттығудың ортасында киім ауыстыратын бөлмеге жылап кіріп келетін:

«Кейбір әріптестерім мені өлтіруге немесе кем дегенде тиісіп қалуға тырысатын. Мен 18 жастағы ұялшақ жігіт болған кезде, біреу дөрекі ойнап: «Еркек сияқты ойна!» деп айғайлауы мүмкін еді. Мен оған қарсы сөйлемейтінмін – кері қайтып, жылайтынмын. Африкаға қайтқым келді», – деп мойындады Имо.
«Қайсар» футболшысын шынымен де командаластары аямайтын. Солардың бірі – ірі денелі бразилиялық Кану: «Ол Эзекильді жаттығу ойындарында (двухсторонка) «есінен тандыратын». Йелле Ван Даммеге оны өз қамқорлығына алуға тура келді – содан кейін ғана оған қарсы жиі ереже бұзуды тоқтатты», – деді агенті.

Ол трендке айналмай тұрып Арабия түбегіне кетті

Көптеген клубтар «Стандардқа» сұраныс жіберіп жатқанда, нигериялық күтпеген жерден катарлық «Әл-Арабиге» ауысты. Бұл екі тарапқа да тиімді (win-win) мәміле болды: әлемнің үздік 10-шы лигасының қатарындағы мықты ұжым 8 млн еуро алды, ойыншы – қомақты жалақы, ал клуб – талантты әрі жас бомбардирге ие болды. Бірақ алты гол соққан дебюттік маусымнан кейін мотивациясын жоғалтқан Эзекильдің мансабы құлдырай бастады.

Екі рет жалға берілгеннен кейін Нигерия олимпиада құрамасының ойыншысы түркиялық «Коньяспорға» 500 мың еуроға ауысты. Мансабын қайта жандандыру мүмкін болмады – ол директорға трансферді мақұлдамаған бапкер Мұстафа Решит Акчаюға керек болмай қалды. Ал «Лас-Пальмас» сапындағы 10 матчта бірде-бір рет гол соқпады:

«Имо испаниялықтардың элитада қала алмайтынын бірден түсінді. Ол екінші дивизионға түсіп қалған жағдайда кетуге мүмкіндік беретін келісімшарттағы тармақты пайдаланды», – деп түсіндірді Эзекильдің бұрынғы өкілі Мишель Сажесс.

Ескі жарақаты да кедергі келтірді: тізесінің ауыруына байланысты ол 60 күннен астам уақытын өткізіп алды.

Непал және Албания чемпионаттары арқылы транзитпен страйкер Қызылордаға ұшып келді. Бірақ тағы да кедергілер пайда болды: Андрей Ферапонтовтың командасы бюрократиялық мәселелерге байланысты жаңа ойыншыға әзірге сенім арта алмайды. ASnews.kz ақпараты бойынша, «Поградец» «қасқырлардан» 10 мың доллар сұрап, мәселені шешуге дайын болған, бірақ бұл ойынан түк шықпады. Енді тек FIFA 14 аңызы Мозеспен тіл табысып, «Қайсарды» турнир кестесінің жоғарғы жағына шығарады деп үміттену ғана қалды.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  26 қазан, 21:05

Йонсен «Ордабасыға» ауысар алдында Сауд Арабиясындағы сәтсіз кезеңінің себебін түсіндірді

1
Халықаралық футбол  26 қазан, 18:39

Қазақстандық шабуылшы Португалияда дубль авторы атанды (видео)

2
ҚПЛ  26 қазан, 16:52

ҚПЛ чемпионы бапкерін ауыстыруы мүмкін: толығырақ

3
ҚПЛ  26 қазан, 14:47

«Қайрат» бразилиялық легионермен қоштасады: толығырақ

4
ҚПЛ  26 қазан, 13:46

Ресми: Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

5
ҚПЛ  26 қазан, 13:01

«Мартин чемпион боламыз деп сендірді»: Йонсен «Ордабасыға» ауысуы туралы

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
29
21
5
3
38
68
2
ҚайратҚайрат
29
19
7
3
37
64
3
АстанаАстана
29
15
8
6
17
53
4
ОқжетпесОқжетпес
29
15
6
8
8
51
5
АқтөбеАқтөбе
29
13
7
9
7
46
6
ЕлімайЕлімай
29
12
9
8
2
45
7
ТобылТобыл
29
12
5
12
1
41
8
ҰлытауҰлытау
29
9
8
12
-8
35
9
ЖеңісЖеңіс
29
8
9
12
-9
33
10
КаспийКаспий
29
9
6
14
-11
33
11
ҚызылжарҚызылжар
29
8
6
15
-12
30
12
ЕртісЕртіс
29
7
8
14
-15
29
13
АтырауАтырау
29
5
12
12
-11
27
14
АлтайАлтай
29
6
9
14
-11
27
15
ЖетісуЖетісу
29
6
8
15
-18
26
16
ҚайсарҚайсар
29
4
13
12
-15
25