Ресейлік сарапшы – Мозестің «Қайсарға» ауысуы жайлы: бұл ақша табуға берілген соңғы мүмкіндік
22 қаңтар, 20:40
Фото: Виктор Мозес
Ресейлік спорт сарапшысы әрі журналист Микеле Антонов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Челси» мен мәскеулік «Спартактың» бұрынғы футболшысы Виктор Мозестің «Қайсарға» ауысуына қатысты пікір білдірді.
Антоновтың айтуынша, Ресей Премьер-лигасында Мозес нағыз топ-ойыншы болған, алайда уақыт өте келе оның ойнауға деген ынтасы төмендеген.
«Мозес «Спартакта» қандай ойыншы ретінде есте қалды? Жалпы алғанда, ол жасындай жарқырады. «Спартактың» ойынына сәл де болса сиқыр қоса алатын сапалы легионер болды. Бірақ соңына қарай сөніп қалды. Бастапқы кездегідей мотивациясы болмады.
Оны үнемі жігерлендіріп отыру қажет, бірақ оған күш те, ниет те болмады. Әрине, ондай ойыншыны тек ақша арқылы ғана ынталандыруға болатын. Мәскеуде өткізген соңғы кезеңінде жарқын сәттер азайды, сондықтан клубтың жаңа келісімшарт ұсынбауы – дұрыс шешім», – деді сарапшы.
Антонов Мозестің ұзақ мерзімге ойнап беретініне күмәнмен қарайды, алайда қысқа мерзімде «қасқырларға» («Қайсарға») пайдасын тигізе алады деп есептейді.
«Меніңше, Қазақстан – оның мансабын аяқтар алдындағы ақша табуға берілген мүмкіндік сияқты. Өзі де мансабының соңына таяп қалғанын түсінеді. Болашақта оны менеджер немесе агент ретінде елестете алмаймын, сондықтан қазір барынша пайда тауып қалғысы келетін шығар.
Дегенмен «Челсидегідей» өзін және шеберлігін көрсетуге шамасы жетеді. Бірақ мотивациясының қанша уақытқа жететіні – үлкен сұрақ», – деп түйіндеді Антонов.
БАҚ мәліметінше, Виктор Мозес «Қайсармен» бір жылдық келісімшартқа отырады. Жаңа ойыншының ресми таныстырылымы 24 қаңтар күні Қызылордада өтеді деп күтілуде.
Мозес «Челси» сапында (Антонио Контенің жетекшілігімен) Англия чемпионы атанған, сондай-ақ Еуропа лигасы мен Англия кубогын жеңіп алды.
Ол «Ливерпуль», «Интер», «Вест Хэм», «Сток Сити», «Фенербахче» және «Уиган» клубтарында да доп тепті.
Нигериялық футболшының соңғы клубы Англияның «Лутон Таун» командасы болды.
Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында «Қайсар» 11-орынға тұрақтады.
Бұған дейін КПЛ-да ойнаған португалиялық экс-футболшы Луиш Нанидің «Ақтөбеге» ауысуына қатысты пікір білдірген болатын.
Сондай-ақ «Жеңістің» бұрынғы легионері клубтан кетер алдында ҚФФ бас хатшысы әрі Астана мәслихатының депутатымен сөйлескенін мәлімдеген еді.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
«Брюгге» ойыншылары Астана әуежайында бес сағат тұрған: бұл өте ауыр сапар болды
2Әліп – «Зениттегі» алғашқы кезеңі жайлы: жалға алу мерзімі біткен соң қайтамын деп ойладым
3Турнирлік кесте
Қайрат
Астана
Тобыл
Елімай
Ақтөбе
Жеңіс
Ордабасы
Оқжетпес
Қызылжар
Ұлытау
Қайсар
Жетісу
Атырау
Тұран
Арсенал
Манчестер Сити
Астон Вилла
Ливерпуль
Брентфорд
Ньюкасл Юнайтед
Манчестер Юнайтед
Челси
Фулхэм
Сандерленд
Брайтон
Эвертон
Кристал Пэлас
Тоттенхэм
Борнмут
Лидс
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Эспаньол
Бетис
Сельта
Атлетик Бильбао
Эльче
Райо Вальекано
Реал Сосьедад
Хетафе
Жирона
Севилья
Осасуна
Алавес
Мальорка
Валенсия
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Хоффенхайм
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Боруссия М
Кёльн
Вердер
Гамбург
Вольфсбург
Аугсбург
Майнц
Санкт-Паули
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Ювентус
Наполи
Рома
Комо
Аталанта
Лацио
Болонья
Удинезе
Сассуоло
Торино
Кремонезе
Парма
Дженоа
Кальяри
Лечче
Фиорентина
Пиза
Верона
Ланс
ПСЖ
Марсель
Лилль
Лион
Ренн
Страсбур
Тулуза
Монако
Анже
Брест
Лорьян
Гавр
Ницца
Париж
Нант
Осер
Метц
Әлім Динасылов