Матч орталығы
Тимощук – Әліптің «Зенитке» ауысуы жайлы: Боранбаев қарауға кеңес берді
23 қаңтар, 17:52

Фото: Нұралы Әліп
«Зенит» клубындағы бас бапкердің ассистенті Анатолий Тимощук ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Нұралы Әліп ресейлік клубтың назарына қалай ілінгенін айтып берді.
«Түркияда оқу-жаттығу жиындарында болғанда Қайрат Советайұлы (Боранбаев) маған: «Мына жас орталық қорғаушыға назар аудар, оның әлеуеті жоғары, сол аяғымен жақсы ойнайды», – деп айтты.
Шынымен де, «Қайратқа» қарсы ойыннан кейін бас бапкер Сергей Богданұлына (Семакқа) Нұралыға назар аударсын деп айттым. Мүмкін, бұл жігіт бізді күшейтеді деп ойладым. Нәтижесінде, Нұралыны «Зенитке» алып, ол адаптация кезеңін жақсы өткізді әрі біздің ортамыздың бір бөлігіне айналды.
Тимощук бұл трансфердің жас футболшыға берілген «аванс» емес екенін жеткізді:
«Мұны «аванс» деп те айта алмаймыз. Біз алдымен Әліптің қабілеттеріне қарадық. Нұралының спорттық әрі футболдық қабілеттері өте жақсы дамыған.
Күші, жылдамдығы бар, позицияны жақсы таңдай алады және допты жақсы ұстайды. Соққысы да жойқын. Сол себептен, барлық қабілеттерін ескере отырып, Нұралыны оқу-жаттығу жиындарына алдық және одан кейін оны «Зенитте» қалдырамыз деп шештік.
Кезінде «Қайратта» доп тепкен Анатолий Тимощук 2017 жылдан бері «Зенит» клубының бапкерлер штабында жұмыс істеп келеді. Ал Нұралы Әліп 2022 жылдың басында ресейлік командаға қосылып, содан бері үш рет Ресей чемпионы атанды.
Бұған дейін «Зениттің» бас бапкері Сергей Семак Әліптің деңгейін жоғары бағалаған болатын.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 12 қыркүйек, 13:45
«Жеңетінімізге күмәндандым»: «Ордабасының» иесі – «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы
1Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов