Матч орталығы
Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы «Елімайдың» қарсыласы туралы: бұл жұпта фаворит жоқ
19 маусым, 18:34

Фото: Тимур Рудосельский
«Алашкерттің» бұрынғы қорғаушысы Тимур Рудосельский ASnews.kz сайтына берген сұхбатында армян клубының «Елімайға» қандай қауіп төндіре алатынын айтты.
«Мәселе тек менің «Алашкертте» ойнағанымда емес, бұл ұжымды «Нораванктегі» бұрынғы бапкерім жаттықтыратынында болып тұр. Ваге Геворгянмен бірге біз Армения кубогын ұтып алғанбыз, оның жаңа командасы да жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Бізді қызықты ойын күтіп тұр.
Бұл жұпта мен үшін фаворит жоқ: кім жақсырақ дайындалып, кімнің бағы жанады, сол келесі кезеңге өтеді. Команданың тактикасы қандай болатынын білмеймін, бірақ бұл маман жоғары прессингке негізделген шабуылдаушы футболды құп көреді деп айта аламын», – деп толықтырды қазақстандық футболшы.
Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Елімай» армян клубына қарсы доп тебеді. Алғашқы кездесу 9 шілде күні Ереванда өтсе, қарымта матч 16 шілдеде Семейде ұйымдастырылады.
Тимур Рудосельский мансабында бірқатар қазақстандық және армениялық ұжымдардың намысын қорғаған. Өткен маусымда 31 жастағы орталық қорғаушы чехиялық «Варнсдорф» сапында бес ойынға қатысып, бір голмен көзге түсті.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
2Еурокубоктар 11 қыркүйек, 15:22
Өзбекстандық Умарали Рахмоналиев МЮ-ден жеңілуі мен ЧЛ дебюті туралы пікір білдірді
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлишер Аманжол