Матч орталығы
Дастан Сәтпаев «Уотфордқа» қарсы матчта «Бернлидің» негізгі құрамына оралуы мүмкін
9 қазан, 20:11

Фото: Дастан Сәтпаев
Ағылшындық «Бернли» мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ағылшын Чемпионшипі аясында өтетін «Уотфордқа» қарсы сырт алаңдағы матчта алғашқы минуттардан алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Британиялық Burnley Express басылымының хабарлауынша, үш апталық халықаралық үзіліс қазақстандық футболшыға жарақатынан айығып, қажетті физикалық бабына келуге мүмкіндік берді. Егер Сәтпаев 100 пайызға дайын болса, бас бапкер Ники Хайен оны шабуылдың сол қапталында даниялық Якоб Бруун Ларсеннің орнына шығаруы ықтимал.
Сондай-ақ, «Бернлидің» негізгі құрамында жұлдызды ардагер Джейми Варди шығады деп күтілуде. Бұл старт шабуылшы үшін жаңа клуб сапындағы алғашқысы болмақ. Форвард өз мансабында «Уотфорд» қақпасына 11 гол соққан – бұл оның басқа кез келген командаға соққан голынан көп.
«Бернлидің» «Уотфордқа» қарсы болжамды құрамы:
Қақпашы: Грегуар Кудер;
Қорғаушылар: Коннор Робертс (оң жақта), Анел Ахмедходжич, Игор Жулио, Лукас Пирес (сол жақта);
Жартылай қорғаушылар: Макс Аллейн, Джош Лоран, Маркус Эдвардс (оң жақта), Зеки Амдуни (орталықта), Дастан Сәтпаев / Якоб Бруун Ларсен (сол жақта);
Шабуылшы: Джейми Варди.
Еске салайық, маусым басталғалы бірде-бір жеңіске жетпеген «Бернли» Чемпионшиптің турнирлік кестесінде соңғы орында келеді. «Уотфордқа» қарсы матч осы сенбіде өтеді.
Фарер аралдары құрамасының шабуылшысы ҚПЛ-дың бірнеше клубын қызықтырды
Ахмет Ержанов