Матч орталығы

Хоккей
АҚШНХЛ
ДалласДаллас
1:0Аяқталды
ПиттсбургПиттсбург
Хоккей
АҚШНХЛ
Сент ЛуисСент Луис
5:4Пенальтиден соң
ЭдмонтонЭдмонтон
Баскетбол
АҚШНБА
Нью-ЙоркНью-Йорк
113:106Аяқталды
ИндианаИндиана
Баскетбол
АҚШНБА
Голден СтэйтГолден Стэйт
88:87Аяқталды
БостонБостон
Хоккей
РесейВХЛ
Горняк-УГМКГорняк-УГМК
18:30Бүгін
КристаллКристалл
Футбол
АзияАФК Чемпиондар лигасы
НефтчиНефтчи
18:45Бүгін
Аль ХиляльАль Хиляль
Хоккей
РесейВХЛ
МолотМолот
19:00Бүгін
Оңтүстік УралОңтүстік Урал
Футзал
ӘлемУЕФА Чемпиондар Лигасы
Пяст ГливицеПяст Гливице
23:00Бүгін
Кайрат АлматыКайрат Алматы
Футбол
ИталияА сериясы
МонцаМонца
00:45Ертең
ФиорентинаФиорентина
Футбол
АнглияПремьер-лига
БрентфордБрентфорд
01:00Ертең
ЭвертонЭвертон
Футбол
ИспанияЛа Лига
ЛевантеЛеванте
01:00Ертең
ЭльчеЭльче
Теннис
WTAБуэнос-Айрес женщины
Жибек КуламбаеваЖибек Куламбаева
19:00Ертең
Вероника ЭрьявецВероника Эрьявец
Баскетбол
ЕуропаЕуролига
БешикташБешикташ
22:00Ертең
ПарижПариж
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
Буде ГлимтБуде Глимт
22:45Ертең
ЛАСКЛАСК
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ГалатасарайГалатасарай
22:45Ертең
Астон ВиллаАстон Вилла
Футбол
АзияАФК Чемпиондар лигасы
Аль-НасрАль-Наср
23:15Ертең
Аль-СаддАль-Садд
Футбол
АнглияЧемпионшип
КардиффКардифф
00:4525.11
ПрестонПрестон
Футбол
АнглияЧемпионшип
ПортсмутПортсмут
00:4525.11
Вест ХэмВест Хэм
Футбол
АнглияЧемпионшип
ШеффилдШеффилд
00:4525.11
СаутгемптонСаутгемптон
Футбол
АнглияЧемпионшип
ЧарльтонЧарльтон
00:4525.11
ЛинкольнЛинкольн

Роман Мұртазаев: ҚПЛ деңгейінің төмендеуі Қазақстан құрамасына әсер етті

23 қараша, 11:30

Роман Мұртазаев: ҚПЛ деңгейінің төмендеуі Қазақстан құрамасына әсер етті

Фото: Роман Мұртазаев

Семейлік «Елімайдың» шабуылшысы Роман Мұртазаев Қазақстан ұлттық құрамасының қазіргі жағдайына баға беріп, елдің бас командасына шақырту алмауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Біздің чемпионаттың деңгейі сөзсіз төмендеді, оған қоса қазір буын алмасу процесі жүріп жатыр – жігіттерге, былайша айтқанда, «ет жинап», тәжірибе толықтыру керек. Мүмкін, бір күні құрамаға нәтиже келер: оны бәрі күтеді және үміттенеді, біз де қарап, командаға жанкүйер боламыз. Бірақ онда түрлі нюанстар өте көп, олар үшін сөйлеу қиын. Бұл үшін мен жауап бермеймін – құзыретті тұлғалардан сұрасын», – деді Мұртазаев «Футбол Жолы» YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Футболшы сондай-ақ ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Джон ван ‘т Схиппен небәрі бір-ақ рет жолыққанын және құрамаға шақырту алуды мүлде күтпегенін айтты.

«Біз бас бапкермен Ақтауда «Каспийге» қарсы өткен сырт алаңдағы ойыннан кейін әуежайда таныстық, ол матчқа құраманың бүкіл бапкерлер штабы келген болатын. Бұл – барлық уақыт ішіндегі жалғыз таныстығымыз әрі сөйлесуіміз. Бапкерлер үміткерлерді бақылайтыны анық – дене даярлығы жөніндегі маман клубтарға хабарласып, жаттығу циклдері бойынша мәліметтер сұратады. Бірақ құрамды өз философияларына сүйене отырып таңдайды.

Шақырту күткен жоқпын – мен тіпті резервтік тізімде де болған жоқпын, сондықтан маусым аяқталған соң бірден үйге қайттым. Әрине, гол соғып, клубыңа көмектесіп жүргенде шақырмағаны онша жағымды емес, бірақ ренжудің мәні жоқ. Мен бұған үйреніп қалдым. Кез келген бапкерге барып, ойымдағының бәрін айта аламын, алайда одан еш пайда жоқ. Нәтижеге солар жауап береді – егер басқа ойыншылардың бойынан мықтырақ қасиеттер көрсе, еш мәселе жоқ», – деп қосты шабуылшы.

Еске сала кетейік, өткен маусымда Роман Мұртазаев «Елімай» сапында өнер көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасының экс-форварды елдің бас командасы жейдесінде 25 матч өткізіп, үш гол соққан.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы топтық кезеңін C3 квартетінде алты матчта үш ұпай жинап, бірде-бір жеңіске жете алмай, соңғы, төртінші орынмен аяқтады. Қараша айындағы Молдова (1:2) және Словакияға (2:2) қарсы кездесулер алдында ұлттық құрама шабуыл шебіндегі кадр тапшылығына тап болып, соның салдарынан құрамаға Мұртазаевтың «Елімайдағы» командаласы – бастапқы кеңейтілген тізімге енбеген Айбар Жақсылықов шақыртылған еді.

«Оларда бәрі швейцариялық сағаттай жұмыс істеді»: Мұртазаев «Ордабасының» «алтын дублі» туралы пікір білдірді

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  23 қараша, 11:30

Роман Мұртазаев: ҚПЛ деңгейінің төмендеуі Қазақстан құрамасына әсер етті

1
ҚПЛ  23 қараша, 09:45

«Жоғары мақсат қоятын команда іздеймін»: Андрей Мартин – ҚПЛ-ға оралу туралы

2
Халықаралық футбол  23 қараша, 08:02

Қазақстандық футболшы еуропалық клубтың негізгі құрамында дебют жасады

3
ҚПЛ  22 қараша, 20:32

ҚПЛ клубтары «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы үшін таласқа түсті

4
Ұлттық құрама  22 қараша, 19:41

Андрей Мартин Қазақстан құрамасының бас бапкері болу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

5
Еурокубоктар  22 қараша, 16:51

Чемпиондар лигасына шолу | «Реал» мен Винисиус, МЮ мен Почеттино, Покатиловқа қарсы «Барселона»

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25