Матч орталығы
«Ақтөбе» қысқы ОЖЖ өткізу мерзімі мен орнын белгіледі
23 қараша, 20:37

Фото: «Ақтөбе» ФК
«Ақтөбе» жаңа маусымға дайындық аясындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынының мерзімі мен өтетін орнын жариялады, деп хабарлайды ASnews.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Команда Түркияның Анталья қаласында жиналып, 13-26 желтоқсан аралығында маусымалды дайындықтың алғашқы кезеңін өткізеді.
Желтоқсандағы жиында бапкерлер штабы негізгі басымдықты ойыншылардың физикалық бабын қалпына келтіруге береді. Сонымен қатар Түркиядағы ОЖЖ бағдарламасында қарағандылық «Шахтерге» қарсы жолдастық кездесу жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» бас бапкер Игорь Черевченкомен, сондай-ақ бірқатар негізгі футболшылар – қақпашы Александр Заруцкий, жартылай қорғаушы Георгий Жуков және қорғаушы Иван Ордецпен келісімшарттардың ұзартылғанын ресми түрде растаған болатын.
Қазақстан премьер-лигасының өткен маусымын Черевченко шәкірттері 30 турдың қорытындысы бойынша 49 ұпай жинап, турнир кестесінің бесінші сатысында аяқтады.
Ахмет Ержанов